«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


МАССАЖДЫҢ  БУЫНДАРҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет32/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖДЫҢ  БУЫНДАРҒА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ 

    

Адам бұлшық еттердің қарама – қарсы ететін екі тобы – буынды жазатын және бүгетін бұлшық 

еттер кез – келген қимыл жасайды. Бүгілетін бұлшық еттің босаңсуынан буын бүгіледі.  

Жұлында  қозу,  тежеу  процесстері  кезектесіп  келіп  отырғандықтан,  буынды  бүгетін  жіне 

жазатын  бұлшық  еттер  үйлесімді  қызмет  атқарады.  Буынның  өзі  бір  –  бірімен  сіңір  арқылы  берік 

байланысқан  сүйектерден  тұрады.  Бұл  сыртқы  жағынан  буын  қапшығымен  қапталады.  Онда  буын 

сұйықтығы  болады.  Ол  үйкелісті  кемітіп,  сүйек  ішінің  буын  ойғынды  еркін  қозғалуға  мүмкіндік 

береді.  Шеміршек,  сіңір,  буын  қапшығы  дәнекер  тканіне  жатады.  Сүйектердің  шеміршекпен  аз 

қимылдай байлансқан жерін шала буын деп атайды.  

Массаждың әсерінен сіңірдің икемділігі артып буынның қозғалысы жақсарады. Бұл әсіресе орта 

және  егде  тартқан  адамдар  үшін  өте  пайдалы.  Сол  сияқты  буын  жарақаттанғанда  немесе  ауырғанда, 

тіпті үлкен спортпен айналысқанда буынға көп күш түсіп, дембіп сықырлап қалатын кездер болады. 

Осының  қалыпқа  келтіру  үшін  массаждың  орны  ерекше.  Массаж  буындағы  қан  айналымын 

жақсартып, буын сұйықтығын көбейтіп, қоршап тұрған сіңір шеміршекке қоретік заттарды таратады. 

Соның арқасында буындағы жіліктің бастары да майланып, жақсы қозғалатын болады.  

Массаж  тек  жарақаттанғанда  ғана  емес,  көптеген  буын  ауруларында  кеңінен  қолданады. 

Мәселен,  артрит  (буынның  қабынуы)  ауруларын  асқындырмау  үшін  массаждың  ысқылау  түрін, 

пайдаланды.    Ол  тіпті  емдік  әдістің  ең  тиімдіс  болып  есептеледі.  Өйткені,  ысқылау,  сипау  арқылы 

кейбір  қажетті  дәрілік  майларды  буынға  өткізеді.  Сонда  массаж  және  дәрі  бірін  –  бірі  толықтырып 

буындағы сіңір, сұйықтық қапшығына тікелей әсер еті, оның созылып – бүгілуін жеңілдетеді.  

Барлық  спортсмендер  сайысқа  шығар  алдында  буындарына  массаж  жасатады.  Әсіресе,  бұрын 

буыны зақымдаңғандар, сіңірі созылғандар, массажды міндетті түрде қабылдайды.  

Суық кезде массаж денені жылыту үшін де жасалады. 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет