Балтырға массаж жасау. Жіліншіктің өзі екі екі кәрі жілік сүйектен тұрады. Біреуі жуан, ал
екіншісі – жіңішке. Жуандау келген сүйек төменгі жағынан тобыққа жалғасады.Ол теріден бұртиып
шығып білініп тұрады.
Алдыңғы бұлшық еттерге ұзыннан созылғансаусақтарды қақайтататын еттер жатады.
Оған массаж жасау үшін алақанмен қамти ұстап тобықтан бастап тізеге дейін, дәлірек айтсақ
ортан жіліктің айдаршығына дейін сипайды. Бас бармақ балтырдың алдында, қалаған төрт саусақ
қапталдай сипап тақымға келеді.
Балтыр бұлшық еті өте қалың, жақсы жетілген , сондықтан оның сыртқы және ішкі жағын жеке
жеке массаждайды. Кейде аяқтың басынан көтеріп бір қолмен ұстап тұрып, екінші қолмен
массаждайды. Оң қолмен сол аяқты қолмен оң аяқты массаждау ыңғайлы.
Тақымда нерв түйіндері көп шоғырлынған, сондықтан массаждың ешбір түрін қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |