I бөлім не үшін үйлену керек?


Махаббатпен үйлену керек пе әлде есеппен бе?



Pdf көрінісі
бет3/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Махаббатпен үйлену керек пе әлде есеппен бе?
 
Негізі үйленудің өзі есеп қой. Сен қанша жерден ол 
адамды сүйіп тұрсаң да, бір сәт ойланасың «бірге тұрып 
кете алар ма екенбіз?», «мінезіміз жараса ма екен?», 
«ауылда тұрамыз ба, қалада ма?», «иманыма қалай әсер 
етеді екен?», т.б. деп. Бұл — жақсы есеп. Яғни, үйленетін 
кезде есептің болуы жаман нәрсе емес асылында. 
«Жүректі тыңдап, ақылға жүгіну» деген осы.
 
Мен өз оқиғамды айтып берейін. Мен болашақ 
жарымды алғаш рет бір оқырмандар клубының 
жиналысында көрдім. Ол тұрып, сөйлей бастағанда, 
жүрегім басқаша соға бастады. «Бір химия жүріп 
өткендей» дейді ғой, сондай бір сезім туды. Мұны ғашықтық 
дейміз бе, жақсы көру дейміз бе, білмеймін. Әйтеуір, іште 
бір жылы сезім пайда болды. Бұрыннан іздеп жүрген 
нәрсемді тапқандай болдым.
 
Бірақ бұл «үйлене берсең болады» дегенді 
білдірмейді.  Мен одан кейін суық ақылға, яғни, есепке 
салып, ойлана бастадым. Бұған дейін дайындап жүрген 
талаптарым бар еді. Соған сай болмаса, сезімді өшірем 
дедім. Отбасылық өмірде махаббат түрленіп отырады. 
Бойдақ кездегі алаулаған сезім өмір бойы жанып тұрады 
деп ойласаң, қателесесің. Кейін бекер көңілің қалады. 
Оданша қазірден осы шындықты қабылда. Махаббаттың әр 
кезеңінен ләззат ала білуің керек. Әр формасын қабылдай 
білуің керек.
 
Бірақ ол кісіде ұнату сезімі менікіндей қатты 
болмаған сияқты. Менен бір кісі сұрап еді «Өзіңді сүйгенді 
ме әлде өзің сүйгенді таңдаған дұрыс па?» деп. Мен былай 


11
Мах
абб
атпен үйлену к
ерек пе ә
лд
е есеппен бе?
I БӨЛІМ
жауап бердім:
— Жігіт болсаң, өз сүйгеніңді таңда. Қыз болсаң, өзіңді 
сүйгенді таңда. Қателеспесем, Ақұштап Бaйқтыгереева 
апамыз осы жайлы былай деп жырлаған еді:
“Болмау керек сүюдің жолы жаңа,
Қыз үлесі қашанда болу ана.
“Жаным” деген жігітті жек көрмеңдер,
Өзі сүю қыздардың соры ғана.” деп.
 
Бірақ «қызда ұнату сезімі болуы шарт емес» 
демеймін. Бір симпатия болуы керек деп ойлаймын бәрібір. 
Былай айтайыншы, бастысы, жек көрмесе болды. Негізі 
бұл сөзім кейбір қыздарға ұнамауы мүмкін. Бірақ сонда да 
айтайын. Жігіт ұнату мәселесінде қатты келеді. Мысалы, 
бір қызды ұнатпай тұрса, сосын соған үйленсе, үйленген 
соң, оны сүйіп кетуі өте қиын, тіпті мүмкін емес. Ал қыз 
керісінше бұл мәселеде икемді. Махаббаты қатты болмаса 
да, үйленген соң, сезімі ашылып, одан басқа ешкімді 
сүймейтіндей болады. Тіпті басында ұнатпай тұрған жігітін 
де кейін сүйіп кетуі мүмкін. Ондай мысалдарды көп көрдім.
 
Жақсы көріп үйленуде проблема жоқ. Проблема 
кімді жақсы көруіңде. «Жүрекке әмір жүрмейді» деп 
жатады ғой. Негізі жүрек терезе сияқты. Жуылмаған 
терезеден әлемге қарасаң, сен жақсы көрмейтін нәрсені 
жақсы көріп қалуың мүмкін. Сорақысы, сен ешкімді жақсы 
көрмеуің де мүмкін. Себебі барлық әлем кір боп көрінеді 
саған. Шешім: терезеңді жу, яғни, жүрегіңді тазала, 
дүниетанымыңды өзгерт. 
 
Сосын бір үйде бірнеше терезе болады ғой. Бірі 
тауға, бірі бауға қарап тұрады. Сен қай терезеден қай 


12
Мах
абб
атпен үйлену к
ерек пе ә
лд
е есеппен бе?
I БӨЛІМ
жаққа қарайтыныңды өзің таңдайсың. Сәйкесінше 
сол бейнеден өзіңе керегіңді табасың. Демек, біздің 
кімді жақсы көріп қалатынымыз да о бастан өзімізге, өз 
шешімімізге байланысты болып тұр ғой. Түсіндіре алдым 
ба?
 
Мысалы, бір діндар жігіттерді білем. Олар үшін 
болашақ жарының орамал тағуы, хиджабта болуы маңызды. 
Олардың фокусы сондай қыздарда. Олар жақсы көрсе, 
шариғат шәлісін киген қыздарды ғана жақсы көріп қалуы 
мүмкін. Жаулықсыз қыздарға назар аудармайды да. Яғни, 
олардың кімді жақсы көретіні о бастан құндылықтарына, 
өмірлік тәжірибесіне байланысты болып тұр. Сол үшін 
«жүрекке әмір жүрмейді» деген кім көрінгенді жақсы көріп 
қалуың мүмкін дегенді білдірмейді.
 
Конфуций айтты деген мынадай цитата бар: 
«Влечение душ превращается в дружбу, влечение ума 
превращается в уважение, влечение тел превращается 
в страсть. И только все вместе может превратиться в 
любовь.» Қазақшалап көрейін: «Жанның құштарлығы 
достыққа, ақылдың құштарлығы құрметке, тәннің 
құштарлығы құмарлыққа айналады. Үшеуі түйіскенде 
махаббатқа айналады». Ой жүгіртіп көрші.
 
Сенің түпсанаңда болашақ жарыңның ақылы, жаны 
һәм тәніне қатысты ойлар жатуы мүмкін. Кинодан, кітаптан, 
қала берді өмірден көрген образдар түпсанаға еніп алады. 
Содан келіп «вкус» деген нәрсе шығады. Сосын сол 
образға ұқсайтын бір адамды кездестіргенде ғашықтық 
оты тұтанады. Ғашықтық пен махаббаттың айырмашылығы 
жайлы келесі жазбаларымда айтамын.


13
Ғашық бо
лсаң
, үйленбе!
I БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет