I бөлім не үшін үйлену керек?


Ромео мен Джульетта үйленсе, отбасылық өмірі



Pdf көрінісі
бет5/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Ромео мен Джульетта үйленсе, отбасылық өмірі 
қандай болар еді?
 
«Ғашықтық символы кім?» десе, есімізге Ромео мен 
Джульетта түседі. Шекспир екі жастың махаббатын шебер 
суреттеген ғой. Бүкіл әлем тамсанып оқиды. Екі жастың 
махаббат хикаясы қалай аяқталғанын білеміз. Олардың 
бірге болуына бәрі қарсы болды. Бұл қарсылық олардың 
бірге болсам деген ынтасын одан сайын арттыра түскен 
сияқты. Бір жағынан, 13 жасар бозбала мен бойжеткенде 
жастық шақ максимализмі (юношеский максимализм) 
болған сияқты. Олар үйленуге асықты. Өмір бойы бір-бірін 
сүйіп өтеді деп ойлаған да шығар. Сезімі суымайды деп 
сенген де болар. 
 
Ықпал ету психологиясында (психология влияния) 
«дефицит» деген түсінік бар. Сені бір нәрседен шектесе 
ол нәрсе одан сайын тартымды бола бастайды. Сол үшін 
күресе бастайсың. Ал қолыңа түссе, ол дәмін жоғалта 
бастайды. Оны дефицит кездегідей қатты бағаламайсың. 
 
Біздің арамызда да Ромеолар мен Джульетталар 
бар. «Қызым» немесе «балам», «мүмкін басқа адамды 
қарастырып көрерсің?» десе, «жоқ, мен оны сүйемін, бірге 
болғым келеді» деп, эмоцияның жетегінде кетіп, ақылын 
өшіреді. Оларға өзгелер қарсы болған сайын сезімі одан 
сайын ыстық көріне бастайды. 
 
Енді бір сәт елестетіп көрейікші. Ромео мен 
Джульеттаға ешкім қарсы болмай, екеуін сол сезімі 
алаулап тұрған шағында үйлендіріп жіберсе, отбасылық 
өмірі қандай болар еді? Қыз бен жігіт рөлінде ғана бір-
бірімен қарым-қатынас жасаған екі жас ерлі-зайыптылар 


17
Қай ж
ас
та үйленг
ен д
ұрыс?
I БӨЛІМ
рөлін қалай меңгерер еді? Сезімі суып, тұрмыс қамы 
басталғанда, бір-бірін бұрынғыша сүйе берер ме еді? Оны 
Шекспир айтпаған. Жалпы махаббат хикаясын баяндайтын 
кино, кітаптардың қай-қайсын алсаң да, happy end-пен 
бітетіндерін алайық, екі жастың қосылуымен аяқталады. 
Бірақ ары қарай отбасылық өмірін көрсете бермейді. 
Бәлкім ол ішті пыстырады деп ойлай ма екен? 
 
Сол үшін махаббат хикаяларын оқи беру бір жағынан 
зиян ба деп қаламын. Бос үміттің жетегінде кетіп, өмірден 
де соны іздей бастаймыз. Шындыққа тік қарайықшы. Кез 
келген отбасында үлкенді-кішілі проблемалар боп тұрады. 
Бізге сол проблемалар жайлы айтатын, қалай шешуді 
нұсқайтын кітаптар, кинолар көптеп қажет. Аға-әпкелер 
іні-қарындастарына жол сілтеп, сол проблемаларды шешу 
жолдарын көрсетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет