I бөлім не үшін үйлену керек?


Қай жаста үйленген дұрыс?



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Қай жаста үйленген дұрыс?
 
Мен оқуға түскен жылы «Универ кезінде бар күшімді 
оқуға саламын.Қыз-мыз дегенді ұмытам. Оқу бітірген соң
үйлену ниетімен өзіме қыз іздеймін» деп өз-өзіме іштей 
серт берген едім :). Себебі, дәл сол кезде мен үшін өміріме 
азық болатын білімді меңгеру өзекті еді. Артық сезімдер 
эмоционал энергиямды алып, зейінім шашылып кетеді деп 
ойладым.Сол үшін өзіме осындай шарт қойдым.
 
Құдайға шүкір, 4 жыл бойы бар күшімді білім алуға 
жұмсап, уақытымды пайдалы өткіздім деп айта алам. 
Бос уақытым онша болмады. 2013 жылы оқу бітірдім. 22 


18
Қай ж
ас
та үйленг
ен д
ұрыс?
I БӨЛІМ
жастамын. Жұмысқа тұрдым. Баспанам бар. Денім сау. 
«Енді үйленуім керек» деп, жан-жағыма қарай бастадым 
:).Барлық жағынан дайын сияқты көріндім өзіме. Бірақ 
іске келгенде отбасы психологиясы, ер мен әйелдің 
психологиялық ерекшеліктері жайлы білімім өте таяз екенін 
көрдім. Сол үшін біраз қателіктер жасадым.
 
Қысқасы, оқу бітіре салып үйленем деген жоспарым 
жүзеге аспады. 22 жасымда үйленуге дайын болмай 
шықтым. Отбасымда да, мектепте де, универде де ешкім 
отбасы құру, отбасылық өмір жайлы үйретпеді. Жалпы 
менің ғана емес, бұл көбіміздің проблемамыз шығар. Көп 
қозғала бермейтін тақырып. Бүгінде отбасы психологиясы 
тақырыбында қазақ тілінде де жақсы-жақсы тренингтер 
бар. Мысалы, Ақан Мергембай ағамызды атар едім. 
Үйленуге ниетті жастардың қатысып, білімін арттырғаны 
дұрыс деп ойлаймын. Өз басым кітаптар, видео сабақтар 
көріп, біраз білім жинаған едім.
 
Қайбір жылы бір статистиканы көзім шалған еді. 
Орталық Азия елдеріндегі орташа үйлену жасы жайлы. 
Қазақстанда ерлер үшін бұл көрсеткіш 27 жас, ал әйелдер 
үшін 25 жас деп көрсетілген екен. Жастардың дені осы 
жаста үйленем деп ниеттенеді ғой. Меніңше, жастар 
ертерек үйленуі керек сияқты. Мысалы, 22-23 жас ең идеал 
уақыт деп санаймын. Себебі бұл жаста адам ағзасы өте 
жақсы күйде болады. Энергиясы тасып тұрады. Бозбала 
шақтағы максимализмнің әсері азайып, ақыл тоқтататын 
кезі. Қазіргі ашық-шашық қоғамда үйленбей, жыныстық 
қажеттілігін өтемей жүру ер адамның денсаулығына зиян. 
Некесіз қарым-қатынастың зардабы тағы бар. Бұл жаста 
әйелдердің дені сау баланы дүниеге әкелу ықтималдығы да 
жоғары болады. Жүктілігі де жеңілірек өтеді.


19
Қай ж
ас
та үйленг
ен д
ұрыс?
I БӨЛІМ
 
Ерте жаста үйленудің пайдалары жайлы Мэг 
Джейдің «Маңызды жылдар» («Важные годы») кітабында 
жақсы айтылған. Оқуды ұсынамын. Құдай қаласа, 
балаларымды ерте жастан отбасылық өмірге дайындағым 
келеді. «Жоғарғы білім алып, үйленесің» деп жастайынан 
құлағына құйып, тұлға етіп тәрбиелесем деймін.
 
Қысқаша айтсам, адам есейгенде үйленуі керек. 
Адам жауапкершілік алуды үйренген кезде есейеді. Сол 
үшін ерте жастан бала өз өміріне өзі жауапты екенін сезініп 
өсуі керек. Бұл жерде ата-ананың рөлі зор. Сондай-ақ бала 
жыныстық тәрбие, отбасы құруға қатысты лайфхактарды 
өз ата-анасынан естіп өсуі керек. Сонда мен айтқан 22-
23 жасына қарай, мүмкін одан да ерте, берік отбасын құра 
алатын деңгейде болады. Ал бізде, өкініштісі, 30-ға келсе 
де, әлі өзін бала сезініп жүргендер бар. Олар өз өміріне өзі 
жауапкершілік алып үйренбеген.
 
Әр адамның әлеуметтік жағдайы, мақсаттары, 
басымдықтары әр түрлі ғой. Біреу үшін отбасын құру екінші 
кезектегі нәрсе болса, біреу үшін ерте үйлену маңызды. 
Біреу қанша ерте үйленем деп тырысқанмен, сәті түспей 
жатады. Біреудің ата-анасы қарсы болуы мүмкін. Сол үшін 
«нақты мына жаста үйленбесең, болмайды» деп айту қиын. 
Бірақ жоғарғы білім алған соң, неғұрлым ерте үйленуге 
әрекет қылған дұрыс деп ойлаймын. Себебі қылған 
тірлігіңде береке болады, көңілің тынышталып, энергияңды 
дұрыс бағытқа жұмсап, көптеген жетістіктерге жетесің.


20
Ж
ігіт үшін 2
7 ж
ас — критик
алық ж
ас
I БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет