14- дәріс.
Тақырыбы: Поэзия жанры, өлең өнері
Мақсаты: Өлең құрылысы, өлең жүйесі мәселелерін жинақтау
1. Өлең құрылысы
2. Өлең өлшемдері
Негізгі ұғымдар: өлең құрылысы (версификация), өлең жүйесі, мора, такт,
силлабикалық жүйе, тоникалық жүйе, силлабо-тоникалық жүйе.
.
Дәріс (тезис)
Поэзия дамуының теориялық мәселелері өткен ғасырдың 30 жылдары
көтеріле бастаған еді. Бұл жөнінде 1934 жылы С.Сейфуллин поэзияның тілі
мен бейнелеу құралдары жөніндегі мақаласында айтқан. Өзінің қазақ
фольклорына, жаңа кезең әдебиетінің тууына арналған мақалалары мен
зерттеулерінде бұл мәселені М.Әуезов те қозғап, көркемдік ізденіс жасаудағы
халықтық дәстүрді жоғары бағалайды. Қазақ поэзиясына арналған
еңбектерінде жаңа сапада пікір айтқан зерттеуші Қ.Жұмалиев болды. Оның
1948 жылы жарық көрген “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай
поэзиясының тілі” зерттеуінде Абай өлеңдерінің тілі, көркемдік құралдары,
ақынның шеберлігі, Абайдың өзіне дейінгі поэзияға жасаған ықпалы
талданады. Одан басқа, Т.Нұртазиннің, Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайыловтың,
С.Қирабаевтың, Ә,Тәжібаевтің т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектері бар.
Солардың ішінде Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов көптеген жылдар
бойы қазақтың өлең құрылысы мәселесіне еңбектерін арнады.
XX ғасыр қазақ халқы үшін есте қаларлық тұтас бір тарихи дәуір десек,
соңғы жетпіс жылы біздің ұлт мәдениеті мен ғылымы үшін үлкен өркендеу
кезеңі болды: осы кезеңде қоғамдық ғылымдар бұрын болмаған дәрежеде
дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Еліміздің қоғамдық ғылымдарының, оның
ішінде, ұлттық әдебиеттану ғылымының іргесі бекіп дами түсуінде, 1950
жылдары таланттарымен көрінген бір топ жас зиялылар легінің рөлі ерекше
болды. Сол таланттар шоғырының көш басында аса көрнекті ғалым, қазіргі
ұлттық әдебиеттану ғылымының бірегей өкілдерінің бірі, академик Зәки
Ахметов есімі ерекше аталады.
Ғалымның үлкен оқымысты, қоғам қайраткері, ғылымның тамаша
ұйымдастырушысы дәрежесіне көтерілуіне жас кезінде оқыған, тәлім алған
ортасы ерекше әсер етті. Бұл орта КСРО Ғылым Академиясының Ленинградта
орналасқан Шығыстану институты еді. Осы байырғы ғылыми орталықта, бір
кездері ұлы Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан білім алған киелі шаңырақта
әлем таныған ғалымдардан дәріс алу, Малов сынды ғұлама оқымыстының
кандидаттық жұмысына жетекшілік етіп, ақыл-кеңес беруі – болашақ
ғалымның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын молайтуға ғылым жолына түсуге
зор ықпал жасады.
З.Ахметовтің әдебиет теориясы, поэтика, өлең құрылысы мен өлең жүйесі,
абайтану мен әуезовтану проблемалары жөніндегі күрделі зерттеулерінің
мән-маңызы күн өткен сайын тереңдей түсуде. Халықтың қазыналы рухани
мұраларында өлең болып өрілген өрелі танымның табиғатын тануға
ұмтылдырған ұлы күштің астарында ұлтының ұлағатты ізгілік иірімдерін
ашсам деген игі мақсатпен қоса, бала күннен көңілге жатталған, ауыз әдебиеті
арқылы бойға сіңген қазақ сөзіне деген берілгендігі жатқан еді. Қазақ тілінің
ұлттық бітім тұлғасының өзгешеліктері өлеңде бедерленген бейнелі сөздердің
мән-мазмұнын, оның құлаққа жағымды, жүрекке жылы болуына ықпал ететін
өлшем өрнектерімен, ырғақ саздың бірлігімен тұтастықта қарастырылуы тиіс
екендігін дәйектеген бұл еңбек әдебиеттану теориясына айтулы жаңалық
әкелді.
Зерттеушінің өзекті де іргелі зерттеуі – “Қазақтың өлең құрылысы”
еңбегі. Бұл еңбекте көптеген материалдардың негізінде қазақтың өлең
құрылысының заңдылықтары мен теориялық негізі жасалады. Бұл жөнінде
академик С.Қирабаев: “Автордың концепциясында – басты екі мәселе назарға
алынады: біріншіден, өлеңнің барлық элементтері бір-бірімен тығыз
байланысты; екіншіден, өлеңнің мазмұны мен формасы бөлінбейтін бірлікте”.
Еңбекте өлеңнің ырғағы, оның өзіне тән ерекшелігі, ұлттық тілдің құрылымы
жан-жақты дәйектеледі. Ғалым қазақтың өлең құрылысының эволюциясына,
өзгеру негізіне талдау жасайды.
Өлең сөз адамға ішкі мазмұнымен, бейнелілігімен, суреттілігімен ғана
емес, айтылу әуезділігімен, ырғақ-үнділігімен де әсер етеді. Өлең сөздің
әуезділігін арттыруға ұмтылу тек әсемдікке ұмтылу ғана емес. Тек ырғақ қуып
кетсе, өлеңнің мазмұны солғындайды. Бұл міндет өлең сөздің барлық
мүмкіншілігін, мағыналық, бейнелілік, ырғақ-интонациялық, дыбыстық
жағын сабақтас, үйлес алғанда ғана тең түседі. Өлең сөздің қара сөзден
құрылыс жағынан айырмасы – онда мөлшерлі ырғақ болады. Өлең ырғағы –
поэзияның өз еншісіне тиген сипат, әрбір өлең тармағының көлемінде
мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ. Өлең сөздегі кейбір қарапайым
ырғақ-өрнектер жай сөйлеу тілінде де кездесетін жағдай болады. Ұйқастың
құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ал ұйқастың кезектеу реті тілдің
синтаксистік құрылысымен көбірек байланысты. Зерттеу еңбектерінде қазақ
поэзиясының құрылысын ғана емес, тілін де зерделеген ғалым 1970 жылы
жарық көрген еңбегін “Қазақ поэзиясының тілі туралы” деп атады.
“Қазақ поэзиясының тілі туралы” еңбегінің алғы сөзінде автор: “қазақ
поэзиясы бейнелі тілінің мәселесі қазақтың әдеби-көркем шығарашылығымен
байланыста қарастырылады. Тіл көркемдігі маңызды мәселелердің бірі, ол
халықтың
тарихи
дамуымен,
көркемдік-эстетикалық
көзқарасымен
байланысты. Осы поэзия тілін, оның нәзік иірімдерін білмей кітап
зерттеушінің поэзияға арналған екінші кітабы. Мұнда көтерілген,
шығарманың мазмұнына терең бойлай алмайсың” дейді. Бұл мәселелердің
маңыздылығын айқын тану үшін көркем сөз шығармашылығының ішкі
қатпарын, поэтикалық тілдің нәзік тұстарын ұқпай тұрып, көркем бейнені,
шығарманың бүкіл мазмұнын түсіне алмайтынымызды айтсақ та жеткілікті.
Себебі, халықтың тарихи өмірі, оның эстетикалық көркем көзқарасы
поэзиямен бірлікте қарастырылады. Ал, бұл бірлік, поэтикалық тілдің бейнелі
сипатынан анық байқалады. Зерттеуші еңбегінде қазақ поэзиясының тілін екі
салада қарастырады. Бір жағынан, жалпы қазақ поэзиясының тіліне ортақ
ерекшеліктерді айқындаса, екінші жағынан поэзиямыздың белгілі өкілдерінің
тілін талдайды.
Автор тарихи дамудың басты кезеңдерін айқындау үшін, халық
поэзиясының ауызекі айтылатын түрлерінің, төңкерістен бұрынғы жазба
әдебиетінің және қазіргі поэзиямыздың тілін танытатын факторларды сөз
етеді. Еңбекте қазақ әдебиетінің ұлттық түрін зерттеудің айырықша мәні бар
екені ашылады. “Қазақ халық поэзиясының тілдік-бейнелік құралдары” деген
тарауда поэтикалық тілдің образдар жүйесін, қазақ поэтикалық тілінің ұлттық
ерекшелігін, халық ауыз әдебиетінің поэтикалық ерекшелігін, қазақ
фольклорына неғұрлым тән болып келетін образдар сипатын, қазақ халық
поэзиясындағы әйелдер бейнесін, Біржан мен Сара айтысының тіл
ерекшелігін, Махамбеттің тіл өрнегі мәселесін, халық поэзиясының өлең
формасын талдайды. Зерттеуші поэзия тіліне әр үстейтін құбылту түрлеріне
жекелей тоқталып, олардың өлең тілінде өрнек жасаудағы рөлін терең ашады.
Бір ғана айқындауды материалдық-заттық және абстрактілік, метафоралық
сипатта келетінін ажыратады.
Зерттеуші қазақ қоғамында үстемдік еткен патриархалдық-феодалдық
жағдайдағы әлеуметтік мәселелерді аша отырып, сол замандағы сөз өнері
түрлеріне, оның даму, сақталу, өзгеру жолдарына тоқталып, қазақ даласында
болған шетел және қазақ зерттеушілерінің ой-пікірлеріне тоқталады.
Негізінен, олардың қай-қайсысыда қазақ халқының сөз өнеріне деген
ынта-дарынын, суырыпсалма өнеріне деген ықыластарын таңырқай
жазғанына тоқталады. Қазақ халқының сөз өнеріне аса талғаммен қарағаны,
сөздің жұмсалуына, мәніне мұқият зер салғаны белгілі. Олардың халық
арасындағы танылуына орай, меңгерген өнер түрлеріне байланысты түрліше
аталғанын, жырау, жыршы, ақын, өлеңші дегендердің әрқайсысын даралап,
орнықты уәждер келтіреді. Сол өнер иелерінің бір-бірінен ажырататын
қасиеттерін жекелей атап, ұқсастық-айырмаларын саралайды.
Достарыңызбен бөлісу: |