Едыбысының бұл қасиеті туралы Ж. Аралбаев та: «Сөздің ең бас
шенінде е үнемі иә түрінде дифтонг сапасында айтылады: йәртең, (ертең), йәгіз (егіз), йәмен (емен), йәскі (ескі), йәр (ер)» /5,31/
түрінде дыбысталатындығын көрсетіп кеткен.
б) [Брюке, Сиеверс және Лепсиуста көрсетілмеген].
Бұл дыбысты айту үшін тіл ұшын алдыңғы төменгі тістерге созу
қажет. Ä дыбысын айтқанға қарағанда тіл денесі анағұрлым жоғары
көтерілуі тиіс, осы жағдайда тілдің жоғарғы жағы таңдайға тиер-
тимес қалыпта болады да, ерін екі жаққа тіс толық көрінетіндей
болып жиырылады. Бұндай қалыпта сөйлеу мүшелерінің тұруынан
бірінші е дыбысымен салыстырғанда бұл дыбыс анағұрлым шұғыл
(тез) айтылады. Сөйтіп е және і аралығындағы дыбыс жасалады.
Әсіресе, неміс тілінде кездесетін бұл е дыбысы Абақан
диалектісінде де кездеседі (ол Сиеверстің і 2
дыбысына жақын)