Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

а
, Сиеверсте о
2
, Лепсиуста о]. 
Француз тілінің «епсоrе» сөзіндегі, ағылшын тілінің «lorl, соrп» 
сөздеріндегі  о  дыбысына  сәйкес.  Бұл  дыбыс  негізінен  көптеген 
Шығыс  диалектілерде  кездеседі.  Дыбысты  айту  барысында  тіл 
көмейге  жақын  орналасып,  тілдің  ұшы  толық  төмен  жабысып, 
ашылған  ауыз  сүйірленеді.  Ғалымның  пікіріне  сүйенсек  «түркі 
диалектілерінде  о  дыбысының  айтылу  деңгейі  бірдей  емес.  «Егер 
түркі  тілдерінің  басым  көпшілігінде  о  таза  орыс  тілінің  о  дыбысы 
тәрізді айтылса, солтүстік Алтайда орыс тілінің о арқылы сөйлейтін 
говорларындағы екпінді буынның алдындағы о тәрізді а дыбысына 
жуық айтылады» /13,5/.  
в) [Брюкеде о, Сиеверсте о
1
, Лепсиуста ].  
«Неміс  тіліндегі  «Woche,  dort»  сөздеріндегі  о  тәрізді  айтылады. 
Ауыз  дөңгеленіп  ашылады  да,  ерін  кішкене  алға  қарай  шығады» 
/11.ХІ/. Ғалым сипаттамасын беріп отырған бұл дыбыс қазіргі қазақ 
тіліндегі  «от,  оқы»  сөздеріндегі  о  еріндік,  жартылай  ашық, 
дауысты дыбысына толық сай келеді.  О  тіл арты,  жартылай ашық 
фонема  физиологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда  тіл  таңдайдың 
артқы  шеніне  қарай  жылжып  жиырылуынан  жасалатын  жуан 
еріндік  дыбыс.  Ж.  Аралбаевтың  айтуынша:  «Сөздің  анлаут 


18
 
позициясында о  фонемасы үнемі ашық еріндік дифтонг сапасында 
келеді:  уот  (от),  уорақ  (орақ),  уон  (он),  уоқ  (оқ).  Сөздің  анлаут 
позициясында  оо-ның  дифтонг  сапасында  келуі  қазақ,  ноғай 
тілдерінде  де  бар»  /5,34-35/.  Бұндай  пікірді  А.  Мусинов
17 
та 
қолдайды. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  о  дыбысы  сөздің  алғашқы  буынында  ғана 
қолданылатын дыбыс болып табылады, бірақ тілге кірме сөздердің 
көптеп  енуіне  байланысты  (әңгіме  орыс  тілінен  енген  сөздер 
туралы  болмақ)  о  дыбысының  колданылу  позициясының 
кеңейгендігін,  яғни  кейінгі  буында  да  қолданылуын  байқауға 
болады. Мысалы, кино, диплом, радио, радиатор т.б.  
В.В.  Радлов  қазақ  тіліндегі  о  дыбысын  үндестік  заңымен 
байланыстыра  отырып,  сөз  ішінде  өзінен  кейін  өзін  талап  ете 
алмайтын  дыбысқа  жатқызады.  О  дыбысының  бұл  қасиеті  бүгінгі 
тілде  де  сақталған.  Жалпы  о  дыбысының  бұл  қолданысы  жайлы 
«Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің»  авторлары  да:  «көне  түркі 
тілінде тек басқы буында ғана қолданылған» /16,197/ - деген пікірді 
ұстанады. 
3)  u  (у*)  (*  Жақшаға  алынған  орыс  әліпбиінің  таңбасы  ғалым 
мәтіндерінде қолданылған.). [Брюке мен Лепсиуста u , Сиеверсте u


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет