Баспаға «Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
ISBN 978-601-7871-76-5 © Шнайдер В.А.
©«Тұран-Астана» университеті, 2019
3
Кіріспе
Жалпы фонетика, оның ішінде қазақ тілінің фонетика саласы
күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқан мәселелерге толы.
Тіл фонетикасын, әсіресе, тарихи-салыстырмалы тұрғыдан қарау,
оны басқа түркі тілдері фонетикалық жүйесімен ұштастыру арқылы
зерттеу көптеген мәселелердің бетін ашып, айқындауда маңызы
зор. Тілдің өткені мен бүгінгі жай-күйін салыстыруда, қилы-қилы
кезеңде белгілі бір халықтың дамуының ізі сақталмай қоймайды.
Ол – заңдылық. Бұндай іздер қазақ тілінде де сингармонизм, екпін,
буын тағы басқа көптеген мәселелерден орын алған.
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы көптеген мәселелерді айқындаған,
бірақ тарих тұрғысынан салыстырып, дыбыстардың белгілі бір
қатар
құрап,
бір-біріне
акустика-артикуляциялық
жақтан
үйлесімділігі, әр түрлі түркі тілдеріндегі үндестік заңының
ұқсастық және ерекшеліктерін салыстыра зерттеу, түркі ата
заңынан тыс қалыптасқан ауытқулар мәселесін зерттеу еңбектері
санаулы ғана. Ұсынылып отырған еңбекте дауысты дыбыстарға
қатысты В.В. Радлов тұжырымдары негізінде қазіргі қазақ тілі және
басқа да кейбір түркі тамырлы тілдердің фонетикалық жүйелері
салыстырылып қарастырылып отыр.
Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихында, қазақ тілі
білімінде Еуропа ғалымдарымен қатар қазақ лингвистикасының
атақты мамандары А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы,
Қ. Жұбанов. І. Кеңесбаев, С. Мырзабеков, Ж. Аралбаев,
Ә. Жүнісбек т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Фонетиканың өзекті
мәселелері, әсіресе, соңғы кезде тыңынан қарастырылып ауызекі
сөйлеу тілдік фонетикалық заңдылықтар, ерекшеліктер молынан
әңгіме бола бастаған зерттеу жұмыстары бой көрсете бастады.
Алайда, қазақ тілі фонетикасы, оның даму сатыларының көптеген
мәселелері әлі де өз шешімін күтуде екені айғақ. Солардың бірі –
дауысты дыбыстар мен дауыссыздардың үндесу заңдылықтары,
тілдегі дифтонг мәселесі, сөз ішінде қос дауыссыздардың
қолданылу аясы мен көлемі тәрізді мәселелер. Бұл тақырыпқа
қатысты материалдар әлі де бірсыпыра талас тудыруда.
«Солтүстік түркі тілдері фонетикасында» осы күнге дейін
көптеген қазақ тілі мамандарына жабық болып келген атақты
немістің түркітанушы ғалымы В.В. Радловтың «Солтүстік түркі
4
тілдерінің фонетикасы» (Phonetik der nördlichen Türksprachen) атты
әйгілі ғылыми туындысында дауысты дыбыстарға қатысты
көтерілген мәселелері қамтылып, қазақ тіліне аударылып жалпы
түркі, оның ішінде қазақ тілі фонетикасына қатысты ой-
тұжырымдары бүгінгі қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен
салыстырыла отырып талдау жасалып отыр. Ғалымның көрсеткен
фонетикалық негізгі заңдылықтарының қолданылу дәрежесі
анықталып, тілдің фонетикалық жүйесін зерттеген шетелдік
түркітану және қазақ тіліндегі зерттеулерге арналған еңбектерге
шолу жасалды. Кірме сөздер мен тілде қалыптасқан күрделі
сөздердің фонетикалық түрлену жүйесіне қатысты өзекті мәселелер
талданып, түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстарға қатысты
фонетикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтар ұсынылып отыр.
Сонымен қатар көпшілікке қазақ тіліндегі үндестік заңы, әсіресе,
буын үндестігі, оның қазақ сөзінің өне бойынан көріне алу деңгейі,
дифтонг және трифтонг мәселесінің түркі тілдерінде қойылуы
дәрежесі, кірме сөздердің фонетикалық тұрғыдан бейімделу
заңдылықтарына жасалған ғылыми талдауды ұсынып отырмыз.
Өз зерттеулерінде орта ғасырдың алғашқы жылдарынан бастау
алған түркітану ғылымы шын мәнісінде түркі елінің мәдениетін,
тарихы мен этнографиясын зерттейтін ғылым саласы ретінде
ХІХ ғасырда ғана қалыптасты. Бұл ғылымның шарықтауына
аталған дәуірде үлес қосқан ғұламалардың қатарында зор
ілтипатпен
О.Н.
Бетлинг,
В.В.
Радлов,
Н.И.
Березин,
А.Е. Крымский, А.К. Казембек, М.Я. Глухарев, Н.И. Ильминский,
П.М. Мелиоранский тағы басқа ғалымдардың есімдері аталып жүр.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ең басты елеулі оқиғаның
бірі түркітану ғылымын жаңа бір белеске әкелген В.В. Радловтың
өз замандастары кейіннен «дәуірлік кітап» деп атап кеткен
еңбегінің дүниеге келуі болды.
Жалпы В. Радловтың Қазан қаласында болған кезеңі үлкен
еңбектің дүниеге келуімен ерекшеленеді. Ол 1882 жылы жарық
көрген «Vergjeichende Grammatik der nördlichen Türksprachen. Ersten
Theil. Phonetik der nördlichen Türksprachen» (Солтүстік түркі
тілдерінің грамматикасы. Бірінші бөлім. Солтүстік түркі тілдерінің
фонетикасы (5 беттегі сурет). Аталмыш туынды туралы алғаш
баспадан шықпай тұрып-ақ 1876 жылы атақты лингвист Бодуэн де
Куртенэ мәлімдеген болатын. Атақты еңбектің қолжазбасы
«Grammatische
5
Untersuchungen auf dem Gebiete der nördlichen Türksprachen. T1.
Phonetische
Untersuchungen»
(Солтүстік
түркі
тілдерінің
грамматикалық
зерттеулері.
Бірінші
бөлім.
Фонетикалық
зерттеулер) деген атаумен Санкт-Петербург Ғылым академиясының
тарихи филология бөлімінде ұсынылған болатын. Н. Кононовтың
айтуынша бұл кітапқа: «пікірді академиктер Б.А. Дорн, Ф. Видеман
және В.Р. Розен жазып, 1879 жылдың желтоқсан айында бөлім
мәжілісінде комиссия В.В. Радловқа өз зерттеулерін орыс тілінде
жариялауға ұсыныс жасайды» /1,35/. Әрине, қыруар жинақталған
еңбекті орыс тіліне аудару көп уақытты қажет ететіні белгілі, сол
себепті де, ғалымның жоғарыда аталған еңбегі қазіргі атаумен екі
жылдан соң Германияда, Лейпциг қаласында жарық көрді. Ал
1883 жылы шығарылуы жоспарланған кітаптың екінші бөлімі,
салыстырмалы грамматикалық зерттеулері белгісіз себептермен
жарық көрмей қалды. В.В. Радловтың бұл ғылыми еңбегі туралы
А. Самойлович былай дейді: «Шестое и последнее капитальное
предприятие Радлова, сравнительная грамматика осталось
незаконченной главным образом потому что, автор, расширив уже
в изданной, фонетической части свое задание включением в поле
исследование, вопреки заглавию, всех турецких языков и наречий,
был вынужден до конца жизни считаться с тем обстоятельством,
что время для выполнения столь обширной работы еще не
настало» /2.711/.
Шынында да, А. Самойлович айтып отырған пікірде шындық
бар шығар. Олай деуіміздің басты себебі, ғалым бастаған еңбегін
жалғастыру мақсатында кітаптың бірінші бөліміне толықтыру
енгізіп, жазылмай қалған морфология бөліміне байланысты
грамматикалық этюд болып табылатын келесі ғылыми зерттеу
еңбектерін жазған болатын. Олар: «Zur Geschichte des turkischen
Vokalsistems» (Түркі тілінің дыбыстар жүйесіне шолу) мақаласы,
«Die Jakutische Sprache in ifrem Verhaltnisse zu den Türksprachen»
(Якут тілінің түркі тілдеріне қатыстылығы) брошюрасы, Орхон-
Енисей жазуларына қатысты «Altturkische Studien» (Көне түркі
жазбалары (7 беттегі сурет) грамматикалық очеркі мен соңғы
жылдары баспаға әзірлеген чуваш тіліне қатысты зерттеулері.
Өз грамматикасының екінші бөлімі – морфология бөлімін
жазуға негіз бола аларлықтай жемісі ретінде В. Радловтың
1906 жылы жарық көрген «Einleitende Gedanken zur Darstellung der
Morphologie der Turksprachen» (Түркі тілі морфологиясын
6
баяндаудағы ой-пікірлер) деп аталатын мақаласын атап кетуге
әбден болады. Бұған дейін де аз зерттеліп келген синтаксис
мәселесі ғалымда мүлдем қарастырылмаған.
В.В. Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» жарық
көргеннен кейін М. Рясяненнің айтуынша: «...вызвало далеко не
одинаковые
суждения
в
кругу
специалистов.
Очень
благожелательные отзывы о книге дали Тахмер, Габеленц,
Флейшер и многие другие. Критика, парой преувеличенно резкая,
раздались со стороны В.Д. Смирнова и В. Банга» /3,27/.
Бірақ қалай болғанда да түркі тілдерінің фонетика мәселелерін
зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор.
Н. Кононовтың пікірінше: «В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің
салыстырмалы фонетикасын жазып, онда қазақ фонетикасының сан
алуан мәселелерін лингвистиканың сол кездегі компаративистика
бағыты тұрғысынан түсіндірді» /4,5-6/.
В.В. Радловтың «Фонетикасы» үш жүзге жуық бет материалды
қамтитын,
екі
бөлімнен
тұратын,
тыңғылықты
ғылыми
тұжырымдарға негізделген зерттеу жұмысы. Әрбір бөлім атауына
сай көптеген фонетикалық мәселелерді қамтиды.
Еңбектің бірінші бөлімі «Die Vocale» (Дауысты дыбыстар )деген
тақырыппен
беріліп,
іштей
дауысты
дыбыстардың
антрофонeтикалық сипаты, дауысты дыбыстардың үндесу,
(В.В. Радлов үндестік заңын дауыстылар гармониясы деп түсініп,
дауысты дыбыстарға байланысты қарап, бүтін бір сөз көлемінде
қарастырған. Ол түбір буындағы дауысты дыбыс қандай болса,
оған жалғанатын қосымшадағы дауысты дыбыс та сондай болады
деп тұжырымдайды – автордан), үйлесу заңдылықтарын, ондағы
кездесетін ауытқулар, дифтонг және трифтонгтардың дауыстылар
үндестігіне қатыстылығы, дауыстылар үйлесімділігінің көрініс
табуына шолу, дауыстылар үндесуі және сөзжасам, энклитикалық
және аппозиталық қосымшалардың үндестік заңына қатыстылығы,
күрделі сөздердегі дауыстылардың үндесуі және тағы басқа
көптеген мәселелерді қамтитын жеті үлкен тараудан тұрады.
Екінші бөлім «Consonanten» (Дауыссыз дыбыстар) деген
тақырыпта ұсынылып, дауысты дыбыстар мен дауыссыз
дыбыстардың өзара қатынасы, дауыссыздардың акустика-
артикуляциялық жақтан жіктелуі, олардың қолданылу аясы мен
ерекшеліктері, сөз басы, сөз ішінде және сөз соңында қос
дауыссыздардың көрініс тебуі және үш дауыссыздар тіркесімі, тағы
басқа мәселелер баяндалады.
7
Жоғарыдағы мәселелерді көтере отырып, ғалым өз еңбегін
бірқатар түркі тілдерінің фонетикасын салыстырмалы түрде
сипаттауға арнаған. Жеке тарауларда қырғыз (қазақ) тілінің
ерекшеліктеріне қатысты да мәліметтер ұсынған. Бұдан басқа
Ж. Аралбаевтың пікірінше: «В. Радлов «Фонетикасын» сөз
еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның біріншісі –
екпін мәселесі, екінші мәселе – дыбыстардың дистрибуциясы,
үшіншісі – түркі тілдерінің үндестік заңы» /5,6-7/.
Сол сияқты ғалым өз еңбегінде түркі тілдерінің жіктелуі
мәселесін де жан-жақты талқылаған. Яғни, В.В. Радлов та
А.Н. Баскаков, Ф.Е. Корш және А.Н. Самойловичтер тәрізді
ғылыми әлемге түркі тілдерінің жіктелуінің өз нұсқасын ұсынады.
Бірақ тіл тарихының маманы Ә. Құрышжанов А.Н. Баскаковтан
басқа ғалымдардың түркі тілдерін классификациялауы жайында
былай дейді: «Бұлардағы ортақ кемшіліктер түркі тілдерін жіктеуде
тек кейбір фонетикалық және фонетика-морфологиялық белгілерге
ғана сүйеніп, негізгі ірі-ірі топтарға бөлу болып табылады. Алайда
бұл ірі-ірі топтарды өз ішінде кішігірім топтарға бөліп жатпайды.
Бұлардың жіктеулеріндегі негізгі кемшілік – тілдерді топқа
бөлгенде, тілдердің дамуы түркі халықтарының даму тарихымен
тікелей байланысты екенін ескермейді, назарды сол халықтардың
географиялық орналасу жағына аударған. Жіктеу кезінде
грамматикалық құрылыс пен сөздік құрамның мәселелері тым аз
қамтылған» /6,8/.
«В.В. Радлов өзінің ұсынған классификациясында түркі тілдерін
төрт топқа бөліп қарастырған:
1. Шығыс топ: алтай, оба, енисей, шұлым, татар, қарағас, хақас,
шор, тува тілдері.
2. Батыс топ: батыс-сібір татарлары, қырғыз, қазақ, башқұрт, татар,
қарақалпақ тілдері.
3. Орта Азиялық топ: ұйғыр және өзбек тілдері.
4. Оңтүстік топ: түрікмен, әзірбайжан, түрік, қырым татарлары.
Якут тілі жеке қарастырылған» /7,232/.
«Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасында» автор дыбыстарды
анирофонетикалық бірлік ретінде қарастырып, жалпы фонетика
ғылымының сол дәуірдегі беделді мамандары Сиеверс, Лепсиус,
Брюкенің артикуляция-акустикалық терминдерін пайдаланып
сипаттайды. Жалпы өз зерттеулерінде В.В. Радлов негізгі мәселе
ретінде түркі тілдерінің дауыстылар жүйесіндегі дауысты дыбыстар
8
үндестігін алып, толық аша алған. Әсіресе, түркі сөздері мен сөз
түрлендіру жүйесіндегі дауысты дыбыстардың үйлесілімділігі
ерекше аталып кетеді. Бұл мәселенің көтерілуінің маңызы жайлы
Э.Р. Тенишев былай дейді: «Мысль о связи гармонии гласных с
агглютинации после В.В. Радлова будет высказываться многими
исследователями-тюркологами, да и не только ими, но и
монголистами и тунгусо-маньчжуроведами: широкий исторический
фон урало-алтайских языков, приводимый В.В. Радловым, дает
достаточно пищи для размышлений. В.В. Радлов рассматривал
свою работы как продолжения известного труда О. Бетлинга.
В строго продуманном порядке В.В. Радлов дает изложение
вокалической и консонантной систем более двадцати тюркских
языков по доступным ему материалам, большая часть которых
добыта им самим» /1,36/.
«Фонетиканың»
басқа
да
маңызды
тұстары
туралы
А.М. Щербак: «Некоторые соображения о составе гласных фонем в
общетюркском языке – основе, или проязыке, впервые были
изложены В.В. Радловым (Phon. 5 стр). Опираясь на вокализм
толеутского языка В.В. Радлов высказал предложения, что
общетюркском языке было восемь гласных: à, ä, о, ö, у, і, ÿ, ї.
Позднее, под влиянием главным образом азербайджанских
материалов, он увеличил это число до девяти: à, ä, о, ö, у, і, ÿ, ї, э»
/8,3/ - деп түйіндейді.
Түркі тілдерінде негізгі дауысты дыбыстардың саны тоғыз
екенін В.В. Радлов «Altturkische Studien» еңбегінің бесінші
бөлімінде айтып кеткен болатын. Ғалымның бұл пікірі кейін қазақ
ғалымдарының басым көпшілігінің, соның ішінде әсіресе,
М. Томанов, Ж. Аралбаев, С. Мырзабеков еңбектерінен
қолдау тапты.
А.М. Щербак ғалым еңбегінде көтерілген мәселелердің
маңыздылығын былай деп баяндайды: «В работе В.В. Радлова
дается очень подробная и достаточно глубокое описание фонетики
всех тюркских языков (у автора диалектов). ...Кстати состав
гласных в общетюркском масштабе В.В. Радлов установляет,
опираясь на вокализм толеутского диалекта, сохранившего по его
мнению в большой мере, чем другие спецефические тюркские
особенности» /8,3/.
Шын мәнісінде де, түркі тілдерінің молынан жинақталған
лексикалық материалдары В. Радловтың тыңғылықты үлкен зерттеу
9
жұмысын жазып шығуда сүйенетін фактілер болды. Бірақ, бір
өкініштісі, түркі тілдерінің фонетикасын тереңінен сипаттауға
қолданылған материалдар, басқа да грамматикалық бағытта
қолданыла алмады. Осы мәселе жайында А.Н. Кононов та өз
өкінішін былай деп білдіреді: «Наличие в распоряжений
В.В. Радлова огромного материала ...позволило ему перейти к
обобщению
своих
наблюдений
над
фонетическим
и
грамматическим строем языков, реализованному, к сожалению
только для фонетики» /9,105/. Алайда, тек түркі тілдерінің
фонетикалық мәселелері ғана қамтылса да, өз дәуірінде шын
мәнісінде дәуірлік (epochamachend) атанған В.В. Радловтың еңбегі
тек түркітану ғылымы мен орал-алтай тілдеріне ғана қатысты
болмай, жалпы лингвистика үшін де маңызы зор зерттеу болғаны
мәлім. Кезінде ғалымның «Фонетикасын» жоғары бағалаған
А.Н. Кононов; «Кеңес түркітанушы ғалымдары аз қолданғанмен,
В. Радлов еңбегіндегі түркі тілдерінің классификациясы, дәйекті
материалдары мен ғылыми қорытындылардың өзіндік мәнін
жоғалтпағандығын» /1,106/, фонетист ғалым Ж. Аралбаев
В. Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі
қазақ фонетикасының едәуір мәселелерін, атап айтқанда, дыбыс
құрамы, сөздің ішінде түбір мен қосымшада дауысты және
дауыссыз дыбыстардың қолданылуы, сингармонизм құбылыстары,
екпін категориясы сияқты өзекті мәселелерді қамтитын,
фонетикалық кейбір құбылыстарға аса назар аударған елеулі еңбек
екенін атап көрсетеді (Қараңыз: Ж. Аралбаев, Қазақ фонетикасы
бойынша этюдтар).
В.В. Радлов еңбегінде айтылып кеткен тұжырымдар мен
қорытындылар, ғылыми фактілер күні бүгінге дейін қолданылып
келе жатыр және көпшілік пікірлері дұрыс деп танылып, кейінгі
қазақ тілі фонетикасы мамандарының жүргізген зерттеу
жұмыстары арқылы анағұрлым тереңдетіле түсті. Ғалымның
«Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» зерттеуі төңірегінде талас
дау-дамай, пікірталастар болғанмен, бұл еңбектің дүниеге келгеніне
бір ғасырдан аса уақыт өтсе де, өз саласында ғылыми мәнін сақтап,
тек түркі тілдерін зерттеуде ғана емес, жалпы лингвистика
мәселесіне қатысты да көптеген мағлұматтар ұсына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |