59
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
Көктемде сазды топырақ бойында ылғал мол
болғандықтан құмды топыраққа қарағанда
жайырақ қызады.
0
Басқа жауаптар
2-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: деректерді түсіндіру және қорытынды
тұжырымдар жасау үшін ғылыми
дәлелдемелерді пайдалану
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: бір дұрыс жауапты таңдау
Аружан ата-анасына саяжайда көкөністерді отырғызуға
көмектесті. Ата-анасы сазды топырақтан жақсы өнім алу үшін
кейбір шарттарды сақтау керектігі туралы айтты.
Тапсырма: Көкөністерді сазды топырақта өсіру кезінде қандай
шарттарды сақтау керек? Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A. Жиі суарып,
топырақты жиі қопсыту керек
B. Жиі суармай, топырақты жиі қопсыту керек
C. Жиі суарып және топырақты жиі
қопсытпау керек
D. Жиі суармау керек және қопсыту қажет емес.
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
«В» жауабы таңдалған.
0
Басқа жауаптар