Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


 – сабақ  Шеміршекті балықтардың қаңқасы



Pdf көрінісі
бет17/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

5 – сабақ 
Шеміршекті балықтардың қаңқасы. 
Сабақтың  мақсаты:  Шеміршекті  балықтардың  қаңқаларының 
ерекшеліктерін анықтау. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Шеміршекті  балықтардың  ішкі 
қаңқасы бойынша жасалған микро және түрлі-түсті таблицалар 
 
Жалпы түсінік. 
Қазіргі  уақыттағы  шеміршекті  балықтардың  сыртқы  қаңқасы  жоқ. 
Терісінің  бетінде  кориум  қабатының  туындысы  ретінде  плакоидты 
қабыршақтар  бар.  Шеміршекті  балықтарда  ішкі  қаңқа  біршама  жақсы 
жетілген.  Оның  негізгі  ерекшеліктері:  ішкі  қаңқа  түгелімен  шеміршектен 
түрады,  ми  сауыты,  омыртқа  жотасы  висцераль  қаңқасы  және  иық,  жамбас 
белдеулері  мен  жұп,  дара  жүзу  қанаттарының  қаңқаларына  жіктелген,  ми 
сауыты біртұтас шеміршектен тұрады, омыртқа жотасы жеке омыртқаларға 
сегметтелген,  дене  және  құйрық  бөлімдеріне  жіктеледі,  жұп  жүзу 
қанаттарының  тірегі  ретінде  иық  және  жамбас  белдеулері  пайда  болған, 
бірақ  олар  ось  қаңқасымен  байланыспайды.  Акуланың  ми  сауыты  біртұтас 
шеміршектен  тұрады,  осы  шеміршек  ми  сауытын  тұтасынан  жауып 


 
тұрмағандықтан  оның  алдыңғы  жарғақпен  қапталған.  Оны  алдыңғы 
фонтанель  деп  атайды.  Ми  сауытының  алдыңғы  шетінде  үш  шеміршектің 
бірігіп кетуінен пайда болған рострум, ал оның артқы жағының екі жағында 
иіс сезу капсуласы орналасқан. Одан кейін көлемі үлкен көз ойықшасы бар. 
Ми  сауытының  артқы  бөлімінде  есту  капсуласы  орналасқан.  Сауыт  артқы 
жағында қара құс бөлімімен аяқталады. Оның ортасында жұлын (арқа миы) 
өтетін тесігі бар.  
 
13-Сурет. Акуланың бүйірінен қарағанда бас сүйегі:1- рострум; 2-иіс 
сезу  қапшығы;  3-көзшаралары;  4-есту  бөлімі;  5-шүйде  бөлімі;  6-  таңдай 
шаршы  шеміршек;  7-  Меккель  шеміршегі;  8-алқа  не  ілгешек 
(гиомандибуляре);  9-  гиоид;  10-тіласта  доғасының  копуласы;  11-желбезек 
доғалары;  12-желбезек  талшықтары;  13-ерін  шеміршектері;  14-жақ 
буыны; 15-байланыс сіңір; 16-тістер; 17-шеміршекті қосалқы. 
 
Қарақұсқа  бірінші  омыртқа  қозғалмастай  бекінген.  Ми  сауытының 
үсті  шеміршекті  қақпақпен  жабылған,  бас  миы  орналасқан  жері  кең 
болғандақтан,  көз  ойықшалары  бір-бірінен  алшақ  жатады.  Шеміршекті 
балықтардың висцераль қаңқасы бір-бірінен жіктелген бірнеше доғалардың 
жүйесінен  тұрады.  Біріншісін – жақ сүйектер доғасы деп атайды. Оның өзі 
екі  бөліміне  тұрады.  Жоғарғысы  таңдай-шаршы  шеміршегі,  үстіңгі  жақ 
сүйегінің,  ал  төменгісі  меккель  шеміршегі  төменгі  жақтың  қызметін 
атқарады. Бұл екі шеміршек бір-бірімен жылжымалы жалғасқан. Жақ сүйек 
доғасының  беткі  жағында  ерін  шеміршектері  орналасқан.  Висцераль 
қаңқасының екінші доғасын тіл асты доғасы деп атайды. Оның жоғарғы жұп 
элементі гиомандибуляр, ал төменгі дара элементін гиоид деп атайды. Одан 
төмен тіл асты доғасының дара элементі орналасқан (копула). Жақ сүйектер 
доғасы ми қорабымен гиомандибуляре арқылы жылжымалы жалғасады. Тіл 
асты  доғасының  артқы  жағында  бес  жұп  желбезек  доғалары  орналасқан. 
Әрбір  доға  бір-бірімен  қозғалмалы  жалғасқан  төрт  шеміршекті 
элементтерден  тұрады.  Оң  жақтағы  желбезек  доғалар  сол  жақтағы 
доғалармен  олардың  астыңғы  жағында  болатын  дара  шеміршекті 
элементтермен жалғасады. 
 
 


 
Әрбір  желбезек  доғасының  желбезек  таяқшалары  деп  аталатын 
шеміршекті  өсінділері  болады.  Олар  тамақтық  заттардың  желбезек 
тесіктеріне  қарай  өткізбеу  қызметін  атқарады.  Желбезек  доғалары  бір-
бірімен  және  омыртқа  жотасымен  шеміршекті  таяқшалар  және  ет 
талшықтары арқылы жалғасып тұрады. 
Шеміршекті  балықтардың  өз  қаңқасының  қызметін  омыртқа  жотасы 
атқарады.  Ол  дененің  орталық  бөліміне  орналасқан.  Хорда  сыртындағы 
дәнекер  ұлпалы  қабық,  толық  жетіле  келе  жеке  омыртқаларға  жіктеліп, 
омыртқа  жотасын  құрайды.  Акуланың  омыртқа  жотасын,  оны  құрайтын 
омыртқалардың  құрылысына  қарай  екі  бөлімге  жіктеуге  болады:  дене 
омыртқалары, құйрық омыртқалары. 
Дене  және  құйрық  бөлімдерінен  бір-бір  омыртқадан  алып,  олардың 
құрылысымен толығырақ танысамыз. Оның ортаңғы бөлімін омыртқа денесі 
дейді.  Ортасында  хорданың  қалдығы  өтетін  тесігі  бар.  Хорда  қалдығы, 
осындай  екі  омыртқалық  арасында  үлкейеді.  Омыртқа  денесінің  үстіңгі 
жағында  оның  жоғарғы  доғасы  орналасқан.  Оның  ортасындағы  тесіктен 
арқа  миы  және  жұлын  өтеді.  Дене  омыртқасының  екі  жағында  бүйірлік 
өсінділер  бар.  Ол  арқа  қабырғасының  жоғарғы  жағына  тіреліп  тұрады. 
Құйрық  омыртқасында  бүйірлік  өсінділері  болмайды,  бірақ  омыртқаның 
төменгі  доғасы  бар.  Оның  ортасында  құйрықтың  артерия  және  вена 
тамырлары өтетін тесіктері бар. 
Акуланың жұп кеуде және құрсақ жүзу қанаттарының пайда болуына 
байланысты  олардың  белдеулері  де  (иық,  жамбас)  қалыптасқан.  Бірақ  бұл 
белдеулер  омыртқа  жотасымен  тікелей  байланыспайды.  Акуланың  иық 
белдеуі  доға  пішіндес,  балықтың  денесін  тең  астыңғы  жағынан  қаусырып 
жатады.  Иық  белдеуін  шартты  түрде  екі  сүйекке  жіктеуге  болады, 
жоғарғысы  жауырын,  ал  төменгісі  каракоид.  Осы  екі  сүйектің  ішкі 
ұштарының біріккен жерінде кішкентай өсінді бар. Осы өсіндіге кеуде жұп 
қанатымен  қаңқасы  қозғалмалы  жалғасады.  Оның  құрылысы:  бір  қатарға 
орналасқан 
базальды 
және 
екі 
қатарға 
орналасқан 
радиальды 
шеміршектерінен  және  жүзу  қанатының  сәулелі  шеміршектерінен  тұрады. 
Акуланың  құрсақ  жүзу  қанатының  қаңқасы  мен  жамбас  белдеуі 
бейнеленгендей  денеге  көлденеңінен  орналасқан,  пластинка  пішіндес 
шеміршекті  жамбастан,  бір  қатарға  орналасқан  базальды  шеміршектерден, 
аталықтарында  ішкі  базальді  шеміршегі  шағылыс  мүшесіне  айналған,  бір 
қатарға  орналасқан  радиальды  шеміршектерден  және  жүзу  қанатының 
сәулелі  шеміршектерінен  тұрады.  Акуланың  дара  арқа  және  құйрық  жүзу 
қанаттарының  қаңқасы  бір  қатарға  орналасқан  радиальды  шеміршектерден 
және жүзу қанаттарының сәулелі шеміршектерінен тұрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет