жіңішкере барып жұлынға айналады. Жұлын омыртқа жотасының ішіндегі
каналмен дененің артына қарай созылып жатыр. Акула бас миынан 10 жұп
жүйкелер таралады.
Сезім мүшелері. Шеміршекті балықтардың тұйық бітетін қос иіс
қапшықтары болады. Көздері сыртқы жалпақ мөлдір қабық пен көз
алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көру нашар, шеміршекті
балықтар заттың түсін айыра алмайды. Есту мүшесі ішкі құлақтан ғана
тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызықтары
айқын байқалады. Бүйір сызықтар балықтар жүзген кезде, оның жолында
кездесетін заттардан пайда болатын судың болмашы тербелісін қабылдауға
мүмкіндік береді. Осы бүйір сызықтарының арқасында балық су ағысының
бағытын сезеді, жолында кездескен кедергілерді көрмей-ақ айналып өтеді.
Зәр-жыныс мүшелері. Акуланың зәр шығару мүшесі жұп денелік
немесе мезонефроздық бүйрек. Олар омыртқа жотасының екі жанын қуалай
орналасқан, шамамен кеуде жұп жүзу қанатынан басталып клоакаға дейін
созылып жатыр. Әрбір бүйрек екі бөлімнен тұрады. Оның артқы бөлімінің
астыңғы қабырғасында, нашарлау байқалатын жұқа қабырғалы несеп түтігі
бар. Аталығында бүйректің алдыңғы бөлімінің жыныстық әрекеттерге
қатысуына байланысты, вольфов каналының түп жағымен қосылып зәр-
жыныс синусын түзеді. Оның тесігі зәр-жыныс өсіндісінің қуысына
ашылады. Аналықтарында бүйрек жыныс әрекеттеріне қатыспайды,
сондықтан вольвоф каналы тек несеп ағардың қызметін атқарады. Оның
тесігі зәр шығару өсіндісінің қуысына ашылады. Аналық жыныс бездері
жұп болады. Бұл бездер құрсақ қуысында бүйректен сәл төменірек,
шажырқай арасында орналасқан түйіршікті дене. Бүйректің құрсақ жағында
жұмыртқа жолы бар. Оның бойындағы кеңейген жердің жоғарғысын қауыз
безі, ал төменгісін жатын деп атайды. Жатынның тесігі клоака қуысына өз
алдына ашылады. Оң және сол жұмыртқа жолдарының жоғары ұштары
бірігіп жұмыртқа жолының шұңқырын түзеді. Көбею кезінде, аналықтың
жыныс безінде жетілген жұмыртқа (аналық жыныс жасушасы), без
қабырғасының жыртылуы нәтижесінде дене қуысына шығады да, кейін
жұмыртқа жолының шұңқырына воронкаға түседі. Одан әрі канал бойымен
жүре отырып клоака қуысына шығады. Жұмыртқа мюллеров каналының
жоғарғы ұшына жақын жерлерінде ұрықтанады. Акуланың аталығының жұп
безі бар. Тұқым безі бүйректің алдыңғы бөлімінен кішкене каналдар жүйесі
арқылы жалғасады. Сондықтан бүйректің алдыңғы бөлімі жыныс
қосалқысының қызметін атқарады. Бүйрек ішіне енген ұсақ каналдар бірігіп
вольфов каналын түзеді. Оның төменгі жағындағы кеңейген жерін тұқым
қапшығы деп атайды. Ол зәр-жыныс синусына ұласады, ал синус клоака
ішіндегі зәр-жыныс өсіндісінің қуысына ашылады. Аталықтарында құрсақ
жұп жүзу қанаттарының ішкі жақ базальды шеміршегі шағылыс мүшесіне
айналған.
Достарыңызбен бөлісу: