Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

6- сабақ 
 
Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы. 
 
Сабақтың 
мақсаты: 
Өзен 
алабұғасының 
систематикалық 
жағдайымен  танысып,  жергілікті  жердің  сүйекті  балықтарының  сыртқы 
және ішкі құрылыстарын зерттеу. 
Сабаққа  қажетті  құрал  -  жабдықтар:  Жаңадан  алынып  келген 
немесе  арнаулы  ерітінділерде  қатырылған  алабұғалар,  балықтардың  ішкі 
құрылысының,  дамының  ылғалды  препараттары,  сүйекті  балықтардың 
жергілікті  өкілдер,  микроскаттар,  табақшалар,  қайшылар,  пинцеттер, 
скальпелдер, инелер, рельефті кестелер. 
 
Жалпы түсінік. 
Дене  пішіні  және  пластикалық  белгілері. 
Балықтардың  әртүрлі 
жағдайда  тіршілік  етуі  олардың  пішінінің  әртүрлі  болуына  себеп  болды. 
Әсіресе көп кездесетін пішіндер төмендегідей. 
1.  Ұршықтектес  (торпедотектес). 
Денесі  жақсы  сүйірленген, 
тұмсығы  үшкір.  Бұл  типке  ұзақ  уақыт  жоғары  жылдамдықпен  жүзе 
алатындар жатады: тунец, скумбрия, албырт. 


 
2.  Жебетектес. 
Денесі  ұзын,  арқа  және  аналь  қанаттары  құйрығына 
жақын  орналасқан  Бұл  пішінді  балықтар  ұзақ  уақыт  жақсы  жүзе  алмайды. 
Жасырынып  тұрып  өзінің  жеміне,  не  жауынан  құтылу  үшін  өте  тез 
қимылдайды (шортан, сарган, сайра). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет