Тапсырмалар.
1. Шөп бақасының систематикасымен танысып, альбомдарыңызға
жазып алыңыздар.
2. Ылғалды препараттардан немесе ұйықтатылған бақадан сыртқы
құрылысындағы ерекшеліктерді қараңыздар. Олардың дене пішіміне, дене
бөлімдеріне, үнемі шырыш бөліп тұратын бездерге бай терісінің
жұмсақтылығынажәне дымқылдығына көңіл аударыңыздар. Көздерін,
қабақтарын, танау тесіктерін, дабыл жарғақтарын табыңыздар. Аузын ашып
тілінің, лупамен ішкі танау тесіктерінің (хоанның), есіту тесігінің
орналасуын көріңіздер. Алдыңғы жұп аяқтарының ерекшеліктерін қарап,
резонаторларын тауып, бақалардың жынысын ажыратыңдар.
3. Бақаны сойыңыздар. Ол үшін төмендегідей тәртіппен сою керек:
а) ұйықтатылған бақаны шалқасынан табақшаға жатқызып, аяқтарын
керіп, оларды табақшаның ішіндегі картон қағазға түйреу керек.
б) терісін пинцетпен көтеріп, құрсағының төменгі бөлімін көлденең
кесу керек.
в) кесілген жерге қайшының бір ұшын кіргізіп, терісін тарта отырып,
ішінің ортаңғы сызығын бойлай ауыз қуысының түбіне дейін кесіңіздер.
г) босаған ет ұштарын пинцетпен ұстап сыртқа қарай кесіп алып
тастаған дұрыс.
4.Сойылып –аршылған бақаның ішкі құрылысынан, ретті орналасқан
ас қорыту, тыныс алу, жүрегін, зәр шығару және жыныс мүшелерін
ажыратып, бақаның ішкі құрылысының ылғалды препараттармен, рельефті
таблицаларымен салыстырып, анықтаңыздар.
5.Бақаның дамуының ылғалды препараттарынан итшабақтың даму
сатысындағы ерекшеліктерді анықтаңыздар.
6.Оқу құралындағы схемалық суреттерді пайдаланып, бақаның ішкі
мүшелерінің, дамуының суреттерін салып, мүшелерін белгілеңіздер.
7.Салған суреттерін талдай отырып, қайталауға арналған сұрақтарға
жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: