шығып, олар клоакаға ашылады. Зәр қуыққа жинақталып, клоака арқылы
сыртқа шығарылады.
Аталық жыныс жүйесі (4-сурет), бүйрекке жанасып орналасқан ақшыл
түсті домалақтау келген жұп аталық жыныс безінен тұрады. Бұл бездердің
әрқайсысында, аталық безден бөлінген жыныс өнімдерін шығаратын
көптеген ұсақ түтіктер болады. Олар бүйректің алдыңғы бөлімінің ішін
аралап өтіп, вольфов каналына жалғасқан. Сондықтан жыныс өнімдері
түтікшелер арқылы вольфов каналына құйылып, сосын осы каналдың
клоака жанындағы кеңейген жері –тұқым қапшығы ішіне жиналып, кейін ол
бұдан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Аталық жыныс бездерінің үстін
ала орналасқан сары түсті майлы дене бар. Ол аталық жыныс бездері мен
оларда түзілетін аталық жыныс жасушасын қоректік затпен қамтамасыз
ететін мүше. Сондықтан майлы дененің мөлшері өніп –өсуі кезінде азайып,
басқа уақытта оның мөлшері үлкен болады.
Аналық жыныс жүйесі (26-сурет) жұп аналық жыныс безінен тұрады.
Бұлардың да үстін майлы дене жауып жатады, аналық жыныс безіндегі
жетілген жұмыртқа алдымен дене қуысына, сосын ол мюллеров каналының
воронка тәрізді кеңейген жеріне түсіп, содан жұмыртқа жолы арқылы
жылжып, клоакаға өтіп сыртқа шығарылады.
26-Сурет. Бақаның зәр-жыныс жолы.
Ұрықтың дамуы (27-сурет). Ұрықтанған соң бақаларда 8-10 күннен
кейін, жұмыртқаның қабығын жарып итшабақ деп аталатын дернәсілі
сыртқа шығады. Алғаш итшабақтардың қозғалу мөлшері – аяқтары
болмайды. Қозғалу мүшесінің қызметін жарғақпен көмкерілген құйрығы
атқарады. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ олар сыртқа
байқалмайды, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады.
Бақаларда құйрық қысқара бастайды да, кейін мүлдем түсіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: