32-Сурет. Бақаның жамбас белдеуі және артқы аяқтары(Б.Е.
Есжановтан алынған)1-мықын сүйек; 2-шоңданай сүйек; 4- сан(ортан
жілік); 5-сирақ(асықты жілікпен садағы бірігіп кеткен); 6-толарсақ
сақинасы;7-басқа толарсақ сүйектер; 8-табан сүйектер;9-6-ші башпайдың
қалдығы; 10-башпайлар.
Бес саусақты артқы аяқтың қаңқасы да үлкен үш бөлімнен құралады.
I-бөлім сан - бір сүйек – ортан жілік
II-бөлім сирақ – екі сүйек – асықты жілік және оның жілік шыбығы
III-бөлім аяқ басы, оның өзі үш бөлімшеден тұрады:
I-бөлімше - толарсақ
II-бөлімше - табан
III-бөлімше – саусақтар
Бақаның алдыңғы және артқы аяқтарының қаңқа құрылыстарында
жоғарыда көрсетілгендерден бірқатар ерекше айырмашылықтары бар. Атап
айтқанда алдыңғы аяқтарында екінші бөліміндегі қары бір ғана кәрі жіліктен
тұрады, саусақтарының саны төрт. Ал артқы аяқтарында сирақ бір ғана
асықты жіліктен тұрады, толарсақтың екі сүйегі басқаларына қарағанда
ұзарып өскен, ал қалғандары кішкентай немесе редукцияға ұшыраған.
Достарыңызбен бөлісу: