Ноосфера–сана, ақыл-ой қабаты. Литосфера – жердің сыртқы қатты қабығы, тіршілік таралған жердің беткі бедері. Мониторинг – биосфераның және экологиялық жүйелердің өзгерістерін қадағалайтын ұзақ мерзімді бақылау жүйесі. Мутант – организмнің мутация әсерінен тұқым қуалаушылық қасиетінің өзгерген түрі. Орманды дала – қоңыржай климаты және субтропикалық белдеуде кездесетін табиғи аймақ. Орта жағдайы – организмдер тіршілік ететін ортаның ерекшеліктері. Өзгергіштік – организмдердің тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын факторлар әсерімен белгілерін өзгертуге бейімділігі немесе түр ішіндегі даралар арасында болатын айырмашылықтар.