Косты (сірескен) зат – тірі емес, тірі ағзалардың тіршілігінсіз
қалыптасқан (магматикалық жыныстар т.б.). Қолайлы (Оптимум) факторлар – кез келген организмнің тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығы. Қорғаныш рең (мимикрия) – жануарлардың бір түрінің реңімен пішіні басқа жануарларға, өсімдікке немесе басқа затқа ұқсас болуы. Қорықтар – табиғи құбылыстар барысында адам әрекетіне жол бермейтін аймақтар немесе табиғатта жойылу қалпында тұрған түрлерді қорғап, қалпына келтірумен айналыса-тын ғылыми мекеме. Қызыл кітап – дүние жүзінің барлық аймақтарында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды тізбекке алып, олар жөнінде деректер жиналған «Қызыл кітап». Кітапқа мынадай түрлер: жойылып бара жатқан, сирек кездесетін, саны азайып бара жатқан түрлер тіркеледі.