22
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
бойы қалыптасқан табиғилығын мүлдем өзгертті. Жер шарында
тіршілік жоқ жерлер, тіршіліксіз құмдар, шөлдер, тақырлар пайда
болды. Ауа-райы өзгеріп, табиғат байлықтары сарқыла бастады. Адам
баласы табиғат байлықтарын меңгеру былай тұрсын, оған пайда көзі
ретінде қарап, барынша ластап, айналымға келмейтін бөгде заттар мен
қоқыстарды шығара бастады. Нәтижесінде, адам баласы өзіне - өзі кері
әсерін тигізді. Яғни, жаппай қырып-жоятын атом қарулары, улы
химиялық препараттар, канцерогенді, т.б. тіршілікке зиянды заттар
табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын бұзып, планетаның өзіне қауіп
төндіре бастады. Мәселен, ХХ ғасырдың аяғындағы көмір қышқылы
газының атмосферадағы көлемі қалыптасқан тепе-теңдіктен 0,03%-тен
0,034%-ке көбейіп отыр. Яғни, бұрынғы қалпынан 25%-ке өскен.
Ғалымдардың есептеуі бойынша бұл көрсеткіш ХХІ ғасыр басында
25-35%-ке көбейіп, жалпы Жер шарының орташа температурасы +1
0
С-
ға өсуі мүмкін. Мұндай жағдайда биосфера шегінде ғаламдық
климаттық ауытқулар болып экологиялық апаттар (су тасқыны, топан
су, құрлықты су басу, ауа райының өзгеруі, жер сілкінісі, өрттер,
құрғақшылық, жұттар мен ашаршылық, т.б.) болуы әбден мүмкін
екендігі дәлелденіп отыр.
Академик В.И. Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде:
«...Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының
ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең
бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты
биосфера тағдыры шешіледі»,- деген тамаша болжамын айтқан
болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам
баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі
түсініп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: