Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

Литосфераға  тірі  организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. 
Олардың  негізгі  бөлігі  топырақтың  жоғарғы,  қалыңдығы  ондаған 
сантиметр қабатында шоғырланған, тек  бірен-сарандары  ғана  бірнеше  
метрге  немесе  ондаған  метрге  тереңдейді.  Жер    қыртысындағы  
жарықтардың,  құдықтардың,  шахталардың,  бұрғылау  скважиналардың  


 
 
19 
бойымен    жануарлар  мен  бактериялар    әлдеқайда    көбірек,  2,5-3  км. 
дейінгі  тереңдікке  жетуі  мүмкін.  Сондай-ақ    литосфераны    құраушы  
тау  жыныстарының  механикалық  қасиеттері  де  оларда  тіршіліктің  
таралуына    бөгет    болады.  Ақыр  аяғында,  Жер  қойнауына  тереңдеген 
сайын  температура    жоғарылап,  3  км  тереңдікте  ол  100
0
С-қа  жетеді. 
Демек, Жер бетінен 3 километрден   астам тереңдікте тірі организмдер  
күнелте  алмайды.  Биосфераның    құрылысы  –  негізгі  үш  құрамдас 
бөлігімен сипатталады. Олар: атмосфера, гидросфера және литосфера.  
Атмосфера  мен  литосферадай  емес,  гидросфера  ең  беткі 
қабатынан  табанына    дейін    тіршілікке    толы.  Ғалымдардың    зерттеу  
құралдары  жете  алған  жерлердің  барлығында  тірі    организмдер 
табылған.  Бұдан,  организмдердің  таралуы  үшін  сұйық  күйдегі  су 
жарықтан  гөрі  маңызды  шектеуші    фактор  болып  табылады    деген  
қорытынды    жасауымызға    болады.  Айталық,  әлемнің    ең  ыстық 
шөлдері формальді түрде биосферадан тысқары жатыр. Бірақ іс жүзінде 
оларды  парабиосфералық  аймақтар  деп  алуға  болады,  себебі  ол  жерде 
тіршілік аз да болса бар. Таулы жерлерде хлорофильді өсімдіктер  6200 
м-ден  жоғары  биіктікте  тіршілік  ете  алмайды.  Бұдан  да  жоғары 
биіктіктерде  кейбір  жануарлар,  мысалы,  өрмекшілер  кездеседі. 
Өрмекшілер  аяққұйрықтылармен    қоректенеді,  ал  олар  өз  кезегінде 
өсімдік 
тозаңшаларының 
 
түйіршіктерімен 
 
қанағаттанады. 
Биосфераның  биік таулы бөлігін  ЭОП аймағы деп атайды.  
Қазіргі  биосфераның  қалыптасуы  ғасырлар  бойы  орын  алған  
эволюцияның  нәтижесі.  Биосфера  эволюциясы  дегеніміз  түрлердің 
және олардың  арақатынастарының  үздіксіз бір мезгілде  өзгеру және 
бір  түрдің  түсіп    қалып,  бұрын  болмаған  екінші  бір  түрлердің  пайда 
болу  құбылыстары.  Биосфера  эволюциясы  биотодан  бұрын  болған, 
химиялық  эволюция  тіршіліктің  пайда  болуын    дайындаған  кезеңнен  
және    дұрысын  айтқанда  биологиялық  эволюциядан  тұрады. 
Қалыптасқан    көзқарастарға  сәйкес  олардың  негізгі  сатылары  төменде 
келтірілген.  Биоталық    эволюциядан  бұрынғы  кезеңнің  біртіндеп  
алмасып отырған сатылары: 
–  Ғаламшар  мен  оның  атмосферасының  түзілуі  шамамен  4,5 
млрд.  Жыл  бұрын  болды.  Алғашқыда    пайда    болған    атмосфераның 
температурасы  жоғары,  тез  қалпына  келетін  болған,  сутектен,  азоттан, 
су буынан, метаннан, аммиактан, инертті газдардан  құрылған, көміртек  
оксидінің,  сутекті    цианның,  формальдегид    пен    басқа    жай  
қосылыстардың  болуы  мүмкін. 
– Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфера температурасының 
біртіндеп төмендеуі нәтижесінде заттектердің абиотикалық  айналымы 
пайда  болды.  Сұйық  су  пайда  болатын  гидросфера  құралды,  су 
айналымы,  элементтердің  судағы  миграциясы  мен  ерітінділерде 


 
20
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
бірнеше  фазалық    химиялық  реакциялар  жүрді.  Автокатализдің 
арқасында  молекулалардың  түзілуі мен өсуі орын алған. 
–  Күннің  ультракүлгін  сәуле  энергиясының,  радиоактивтіліктің 
және  әртүрлі  энергиялық  күш  нәтижесінде  көміртектен  азоттың, 
сутектің,  оттектің  жай  қосылыстары  конденсация  мен  полимеризация 
процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген. 
–  Бұл  төртінші  сатыны  антропоген  сатысы  деп  атауға  болады, 
себебі Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогенді 
кезеңнің  көрнекті  оқиғасы  эволюцияның  басқару-шысы  саналы 
адамның  пайда  болуы.  Адамзат  қоғамының  пайда  болуы  мен  дамуы 
техногенезге  өте  көп  мөлшерде  заттек  пен  энергия  ағысын  тартып, 
биоталық 
айналымның 
тұйықтылығын 
бұзды, 
антропогенді 
экологиялық  дағдарысты  тудырды  және  эволюцияның  негативті 
факторына айналды. 
Тарихи  тұрғыдан  қарайтын  болсақ,  адам  пайда  болып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет