18
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
ретінде түсінді. Биосферадағы тіршілік пен тірі емес заттың
біртұтастығын көрсетті.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский
тірі зат деп атап, “Жердің беткі бөлігінде тірі ағзалардан артық күшті
және үнемі әрекет ететін химиялық күш жоқ” деп жазды. Тірі заттың
негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен
энергиясының
жиынтығын
қарастырды.
В.И.Вернадский
тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі
затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты
(константа) шама болып табылады.
В.И.Вернадский 1928-1930 жылдары биосферадағы процестерді
салыстырмалы түрде қорытындылай келе, тірі заттың бес негізгі
биогеохимиялық қызметі болатыны туралы түсінік берген: газдық,
концентрациялық,
тотығу-тотықсыздану,
биохимиялық
(энергетикалық) және адамның биогеохимиялық әрекеті.
Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып,
биосферада
деструктивтік,
тасымалдаушы,
шашырандылық,
ақпараттық және орта түзуші қызметтер де атқарады.
В.И.Вернадский өмірінің соңғы жылдарын биосфера қабығының
құрылымдық ерекшеліктерін талдауға арнады. Осындай ғылыми
зерттеулерінің нәтижесінде «Жердің және оны қоршаған ортаның
биосферасының химиялық құрылысы» деген іргелі еңбегін жазды.
Биосфера – Жер шарының бір айрықша қабығы, оның
ерекшеліктері:
- биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп.
- күн энергиясының тасқыны ықпал етеді.
- биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну
беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі Күн болғандықтан, күллі тірі
организмдер жердің екі қабығы литосфера мен гидросфераның
жоғарғы қабаттарында таралған. Жер қабаттарының қай-қайсысы
болмасын күн сәулесін неғұрлым жақсырақ өткізсе, солғұрлым тірі
организмдер олардың тереңірек қабаттарына қоныстанған деуге
болады. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді.
Ауырлық күшінің арқасында энергия ағыны одан да әрі таралады:
жарықталған қабаттардан теңіз түбіне экскременттер түйіршіктері,
өлі және тірі организмдер үздіксіз түсіп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: