16
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
береді де, өзінің өндірістегі мүмкіндік мөлшері қанша екенін, қанша
уақыт жұмыс жасауға қабілеті бар екенін анықтайды.
И.Шкляревский: "сірә, біз ана өмірдің тірі ауруы шығармыз,
өзін ұғыну қолымыздан келмеген" деген екен. "Тірі ауру" болу
қоршаған табиғатқа саналылық, бүлдірмеу мен ластамау, оның
жақсаруына жағдай жасау - ұлы ұғым.
Қазір табиғаттағы проблемалық киындықты түсіну, ұғынудың ең
қолайлы кезеңі. Себебі, бұл
проблема Жер шары, адамзат баласының
бәріне де тиесілі, жауапкершілігі үлкен мәселе. Өйткені, әлем
адамдарының көзқарастарында ерекше жақсы өзгеріс бар. Бұл
жаhандық және аумақты ой-пікірге бастайды.
Кез-келген жергілікті халық әрекеттері, қоршаған ортаның
өзгеруі туралы ісі халықаралық нормамен ретке келтіріліп отыруы
тиіс. Ластанған орта, оның жеке компоненттерінің зияны – ұлттық
шекаралардан асып жатыр. Мемлекет аумағына, нәсіліне, әлеуметтік
қатынасына қарамастан түсіністік қажеттілігі туындап отыр. Бұрын
ұлттық қарым-қатынастың дамуына экономикалық байланыс әсер
етсе, қазір оған экологиялық қажеттілік келіп қосылды. Сондықтан
табиғи орта мен қоғам дамуындағы өзара әрекеттестікте тепе-теңдік
заңдылықтарын
сақтай
отырып
жұмыс
жасау
қажет.