12
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
қарағанда 2-10%-ті ғана құрайды. Ресурстар сарқылуда, халық саны
өсуде (1960 ж.- 3 млрд, 1975 ж.- 4 млрд, 1987 ж. - 6 млрд). Оның үстіне
тау-тау болып үйілген өндіріс қалдықтары мекен ортасын ластауда.
Олар ыдырамастан тіршілік иелеріне көптеген зиян келтіруде. Тіршілік
табиғатында күрделі иерархиялық ұйымдардың өзін-өзі реттеудің
орасан мол резервтері (қоры) қаланған, бірақ сол резервті ашу үшін
биосфера ағынының процесіне сауатты түрде араласа білу керек.
Өндірістік
жұмыстың
барлығын
жоспарлағанда
экологиялық
зардаптардың болатын мүмкіндігін қатаң ескеру керек. Бұрынғы
жинақталған табиғат заңдары жайындағы білімді есепке ала отырып,
қазіргі эколог ғалымдар экология заңдары деп әдебиеттерде аталып
жүрген адамзат қоғамы мен қоршаған ортаның өзара принциптерінің
жалпы зандылықтарын белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: