«Рим клубы» «Рим клубы» — 1986 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым.
Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының
ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында итальяндық экономист
А.Печчен ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған
елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері,
бизнес өкілдері енген. Негізгі жұмыс бағыттары: жаһандық
мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты
қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет
басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. «Рим клубы»
баяндамалары ғылыми-техникалық және экономикалық дамудың
жедел қарқыны сақталатын болса XXI ғасырдың бірінші
жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар:
“органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан
табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу
жолдарын іздеуден ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды
шектеу мөлшерін жан-жақты қарастыруға бейімділік байқалады.