Қазақстандағы тұрақты даму мәселелері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясындағы
жасаған баяндамасында, тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін
шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар
келтірді. 1992-1998 жьлдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші
болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты,
Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы
болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік
мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау
жолдары іздестірілуде Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын
жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған
үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәй-кес
биологиялық
алуантүрлілікті
қорғаудың
Ұлттық
баяндамасы
қабылданды.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты
мәселелерге мыналар жатады:
- қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
- экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану; тұрақты
дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселе-лердің
біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы
ерекше.
Бұл
мәселелерді
шешудің
міндеттері
«Қазақстан
Республикасының
экологиялық
қауіпсіздік»
концепциясында
қарастырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің
шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың