Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Қазақстан  трансшекаралық  өзендердің экологиялық



Pdf көрінісі
бет80/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

Қазақстан  трансшекаралық  өзендердің экологиялық 
проблемалары. Халықаралық ынтымақтастықтың заңгершілік 
 және құқықтық аспектілері 
 
Дүниежүзілік  су  қорларының  ластануы  бүкіл  адамзат  қауымын 
алаңдатып отыр. Қазақстандағы  өзен-көлдердің  ластануы төмендегі топтарға 
бөлінеді: 
-    биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер; 
-  химиялық    ластану:  уытты    және    су    ортасының  табиғи 
құрамын бүлдіретіндер. 
-  физикалық    ластану:  жылу,  қызу,  электромагнитті  өріс, 
радиоактивті  заттар.  Судың  сапасы,  ластану  деңгейі  дүниежүзілік 
мемлекеттерде  үнемі  бақылауға  алынып  отырады.  Өйткені  судың 
құрамындағы  химиялық  құрамы,  тұздық  құрамы,  еріген  бөлшектер, 
температура әр түрлі болуы мүмкін. 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау    ұйымы    ауыз  судың  100  ден 
астам    сапалық  көрсеткішін    ұсынған.Қазақстанда  ауыз  су  сапасы  30 
түрлі  міндетті  көрсеткішпен  анықталады.  Өзен-көлдердің  ластануы 
тазартылмаған  ағын  суларды  жіберу  арқылы  айқындалды.  Қалдық 
сулар,  өнеркәсіп  орындары,  ауылшаруашылығын  химияландыру, 


 
116
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
тұрғын  үй    коммуналдық  шаралар,    шаруашылықтың    басқа 
салаларының  әсерінен  пайда болады. 
Лас сулар бірнеше топқа бөлінеді: 
1.  Ерімейтін, коллойдты, еритіндер ( қоспалар )  
2.  Минералдық,  органикалық,   биологиялық,  бактериалдық  (  лас 
сулар ) . 
Сарқынды суларда органикалық заттар 58 %, минералдық заттар 42 %. 
Судың ластанудағы ең қауіпті химиялық ластану . Соның ішінде синтетикалық 
жуатын  заттармен  өнеркәсіп    пайдаланатын  сулармен  ластану  өте  қауіпті. 
Қазақстанда  ауыл  шаруашылық  минералды  тыңайтқыш  қалдықтарымен 
ластану  кең  етек    алған.  Қазіргі  кезде  ашық  өзен,  көл  суларымен  қатар  жер 
асты сулары да ластанып отыр. Олардың негізгі ластаушы көздері  өнеркәсіп 
өнімдерін  сақтайтын    қоймалар,  химиялық  заттармен  тыңайтқыштар, 
тұрмыстық  заттар,  жер    асты  сумен  жалғанатын  құбырлар,  ірі  құрылыс 
учаскелері,  сұзгі  алаңдар,  бұрғы-скважиналар,  жер  асты  суларда  әр  түрлі 
жұқпалы ауру тарататын микробтар мен вирустар кездеседі. 
Қазақстандағы  өзен-көлдердің  ластануы  өнеркәсіп  шоғырланған 
аймақтарда  полигондар  мен  мұнай  өндіретін  жерлерде  жаппай    сипат  алуда. 
Сонымен  бірге  еліміздің  шекаралық  аймақта  орналасқан  өзен-көлдері  көрші 
мемлекеттердің    өнеркәсіп  қалдықтарымен  т.  б.  қалдықтармен  ластану 
дәрежесі жоғарлауда.  
Қазақстандағы ең ірі су алабы  Ертіс өзені, Өскемен қорғасын – мырыш 
комбинаты,  Лениногор    қорғасын  зауыты,  Зырян  зауыты,  Березов  кенінен 
шыққан  сарқынды  сулармен  ластануда.  Осының  әсерінен  судағы  ауыр 
металдар  мөлшерінен  асып  кетуі  жийі  байқалады.  Сырдария,  Шу,  Талас, 
Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу  өзендері өнеркәсіп қалдықтарын біршама 
таза  деп  есептелгенімен,  ауылшаруашылығын  химияландырылған  қалдық 
сулармен  ластанып  отыр.  Соңғы  жылдары  Каспий  теңізінде  мұнай  өндіруге 
байланысты  судың  мұнай  қалдықтарымен    ластану    дәрежесі  жоғарылауда. 
Сонымен  бірге  Еділ  мен Жайық  өзендерінің  лас  сулары  теңіз  суын  уландыра 
түсуде.  1999  ж  20-30  мың      итбалық,100-ген  құстардың  өлуі    теңіз    суының  
бүгінгі  сапасын  көрсетіп  отыр.  Каспий    мұнай  игеру  саласына  бүкіл  әлемді 
дүрліктіріп  шетел  инвесторлары  өз  қызығушылығын  тудыруда.  Каспий 
жағалауындағы 5 мемлекеттердің ең басты мақсаты  Каспийдің  қара алтынын 
игеруге  ұмтылу.  Ал  олардың  суының  сапасы  мен    ластануына  көңіл  бөлуі, 
экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән  туғызып  отыр.  Қазір  теңіздің 
мұнаймен  ластану  аймағы  200  мың  га.  Қоймаларда  200  мың  тонна,  мұнай 
қалдықтарында  40  мың  тонна  көмірсутегі  жинақталған.  Қорғалжын, 
Наурызым,  Марқакөл,  Алакөл  ,  Зайсан  көлдері  өнеркәсіп  қалдықтарымен  
полигондар    есебімен    ластануда.  Ақтөбе  облысындағы    Елек    өзені  амин 
өнеркәсібі  есебінен  бормен  ластануда.  Қарағанды  металлургия  комбинаты 
өндіріс  бірлестіктерінен  шыққан  сулар  Нұра  өзенін  барынша  ластауда.  Тараз 
фосфор  заводы  Талас,  Аса  өзендерін  фтор  және  сары  фосформен  ластап 
отыр.Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Бадам,  Сайрам  өзендері  қорғасын, 
фосфор,  химия  өнеркәсіптерінен  бөлінетін  қалдықтарымен  ластануда.  Су 
ресурстарының  биологиялық  ластануы  Арал  аймақтарында,  Батыс  


 
 
117 
Қазақстанда    жиі  кездеседі.  Трансшекаралық  экологиялық  проблемаларға  су 
бөлу,  трансшекаралық  су  объектілерін,  атмосфералық  ауа  мен  топырақты 
ластау,  қауіпті  технологияларды,  заттар  мен  қалдықтарды  өткізу,  пайдалы 
қазбалардың  шектес  жатқан  кен  орындарын    игеру,  бірегей    табиғи  
кешендерді  сақтау  мәселелері  жатады.    Трансшекаралық  экологиялық 
проблемалар елдің экологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы қауіп болып 
табылады,  оларды  шешу  халықаралық  шарттар  шеңберінде  көршілес 
мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі. 2003 жылдың 
басында  Қазақстан  қауіпті  қалдықтарды  трансшекаралық  тасымалдау  мен 
оларды аулаққа шығаруды   бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, 
бұл  қауіпті  қалдықтарды  декларациялау  жөніндегі  жаңа  кеден  ережелерін 
белгілеуге  және  кейіннен  олардың  шикізат  пен  өнім  түрінде  республика 
аумағына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді.  
Қазақстан  трансшекаралық  өзендерді  ұтымды  пайдалану  және 
қорғау  проблемасын    шешуге  бірыңғай  құқықтық  тәсілдерді  
қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  трансшекаралық  ағын сулар мен 
халықаралық    өзендерді    қорғау    мен  пайдалану  жөніндегі  Хельсинки 
конвенциясына    қосылды.    Алайда,  Орталық  Азия  елдерінің  қалған 
елдері  бұл  конвенцияға  қосылмағандықтан,  трансшекаралық  ағын 
сулар  ағыны  дұрыс  та  әділ  пайдалануды  қамтамасыз  ету,  қауіпті 
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердің  алдын алу, « 
ластаушы төлейді» қағиданы орындау жөнінде шаралар қолданған жоқ. 
Трансшекаралық  сипаттағы экологиялық қатерлердің алдын алу 
және жою үшін: 
1.2005-2007  жылдары  Қазақстан  мен  іргелес  мемлекеттердің 
шекаралас      аудандарын  экологиялық  бақылау    жөніндегі 
бірлескен зерттеулер жүргізу; 
2. Орталық Азия мемлекеттерінің Хельсинки   конвенциясына қосылуы 
жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы  трансшекаралық су 
проблемаларын шешу; 
3.Бірегей  табиғи  кешендерді  сақтау  мақсатында  2005-2006 
жылдар  барысында  ішінде  Батыс  Тянь-Шань    мен  Алтай-Саян 
өңірінде шекаралық биосфералық аумақтар құру қажет. 
 Қабылданған шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық, 
экологиялық  қатерлерді  анықтауға,  азайтуға  және  жоюға 
жәрдемдесетін  болады.БҰҰ-ның  толыққанды  мүшесі  бола 
отырып,    Қазақстан  жаһандық  серіктестіктің    негізінде  
мемлекеттік    экологиялық  саясатты    тиімді  жүргізудің  кілті 
ретінде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиіс. 
Қазақстанның    әлемдік  қоғамдастыққа  барған  сайын  жақындай 
түскенін ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негізі салынған 
және  2002  жылы  Йоханнесбургте  өткен  дүниежүзілік  Саммитте 
расталған  тұрақты  даму  қағидаттары  халықаралық  қатынастардағы 


 
118
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
ынтымақтастық  пен  серіктестік  саясатының    негізі  болуы  тиіс.Осы 
саясаттың негізгі бағыттары: 
халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық іске асыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет