Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет81/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

-  қоршаған  ортаның  сапасын  бағалаудың  және  жай-күйін 
бақылаудың  жалпы  тәсілдерін,  әдістерін,  өлшемдері  мен 
рәсімдерін әзірлеу; 

үйлестірілген    іргелі  және  қолданбалы  экологиялық 
зерттеулерді жүргізу; 
-  экологиялық  қауіпсіздік  проблемасын  шешуде  халықаралық 
тәжірибені  пайдалану; 
-  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  елдің  тұрақты  дамуы 
саласындағы  нақты  бағдарламалар  мен  жобаларды  шешуге 
халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру.  
Мұндай саясатты практикалық  іске  асыру  Қазақстанның дамуы 
мен  қоғамдық    құрылымның    дамыған    демократиялық  
мемлекеттерімен  үйлесімділігі үшін оған прогрессивтік қолдау табуға 
ықпал  етуі  тиіс.  Маңызды  халықаралық  экологиялық  конвенцияларға, 
сондай-ақ 
халықаралық 
деңгейде 
табиғат 
қорғау 
қызметіне 
республиканың  неғұрлым  кеңірек  қатысуын  қамтамасыз  ету  үшін  
қоршаған  ортаны    қорғау  саласындағы  барлық  әзірленетін 
бағдарламаларда    халықаралық    ынтымақтастықтың    басымдықтары 
және  оларды  іске  асыру  жөніндегі  тиісті  іс-шаралар  белгілеуі  тиіс. 
Техникалық  және  өзгеде  көмекті  алу  оны  тиімді  пайдалануды 
талдаумен  бірге  жүргізіледі.  Тек  қана  ақпараттың  жеткілікті  көлемін 
қамтамасыз  ету  және  жергілікті  жағдайларды  неғұрлым  тереңірек  
түсіну    үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге,  олар  табиғат  қорғау  қызметін 
басқару  жөніндегі  дағдыларды  игеру  үшін  бірлескен  жобаларға 
қатысуға жергілікті сарапшылар мен мекемелерді тарту қажет.      
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет