Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет83/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
 
 


 
120
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеру  
мәселелері 
1992  қабылданған  климатының  өзгеру  туралы  БҰҰ–  ң 
халықаралық  Рамалық  конференциясы  дүниежүзілік  мемлекеттердің 
алдына  климаттарының    жылынуымен  оның  зиянды  зардаптарын 
болдырмау мәселелерін қойды. Климатының өзгеруі туралы конвенция 
адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр.  Олар ең алдымен 
планеталардың 
атмосферасымен 
өзара 
әрекеттесетін 
және 
атмосферадан    тарайтын  күн    энергетиясының  жолын  өзгертеді. 
Осының  нәтижесінде  ғаламдық  климаттың   өзгеру  қауіпі  туып отыр.  
Осыдан  туындайтын  негізгі  салдар    жер    бетінің    орташа  
температурасының  көтерілуі    және  ауа-райының  кең  ауқымды 
аймақтың өзгеруі және т.б. эффектілері болуы  мүмкін. 
Қазақстанның    климаттық    жағдайлары    үшін    БҰҰ  Рамалық 
конвенциясында    климатының    өзгеруі  туралы    мәселе    ғана    өзекті  
болып    қоймай,  шөлдену    процесі  мен    биоалуантүрлілікті    сақтау 
туралы  конвенциялардағы  мәселелерде  өзекті  болып  табылады. 
Қазақстанның    географиялық    орналасуы,  оның    климатының  қатаң 
континентальды және құрғақ болуының басты  себебі  болып табылады. 
Республика  территориясының  50 %  астам  бөлігін  шөл және шөлейт  
ландшафт    зоналары    алып  жатыр.  Сондықтан  сумен  қамтамасыз  ету 
мәселесі еліміздің экономикасының  өзекті мәселесі болып табылады. 
Табиғат  ресурстарының  тың  және  тыңайған  жерлерінің  кең 
алқабының    игерілуі,  өзен  суларының  егістікті  суғаруға,  жайлымдар 
мен  шабындықтарды  суғаруға,  электр  энергиясын  өндіруге  жұмсау 
нәтижесіндегі  зор    антропогендік  қысым  Арал  мәселелерімен 
Қазақстанның жалпы су ресурстарының кемуіне әкеліп  соқты. 
Қазақстанның    климатын  бақылау,  оның  жылдан-жылға 
құрғақтануымен  анықталады.  Жалпы  территорияның  барлық 
жерлерінде  жер  бетіндегі  ауа  қабатының    орталық  айлық 
температурасының  өсуі  байқалған.  Өткен  100  жылда    орталық 
жылдық температурасының өсуі әрбір 10 жыл сайын 0.1ºС – қа артып 
отырған. Антропогенді ықпалдың әсерінен шөлейт ландшафтар шөлге 
айналып    қоймай,  республиканың  негізгі  жері  дала  зонасы  да  шөлге 
айналып  жатыр.  Температураның    артуы  тау  мұздықтардың  кемуіне 
әкеледі. Іле Алатауында  соңғы 35 жыл ішінде мұздану процесі 30 % - 
ке немесе әр жылға шаққанда 1 % - ке кеміген. Мұздықтардың азаюы, 
құрғақшылық      еліміздегі  су  ресурстарының  30  %-  ға  кемуіне  әсер 
етеді.  Мұздықтардың  еруі  үлкен  мұздық  көлдердің  пайда  болуына 
әкеледі.  Осыдан  сел  тасқыны,  көлдердің  тасуы,  тау  бөктерінің 
микроклиматының  құрғақшылық  бағытында  өзгеруіне,  өсімдік  және 
жануарлар тіршілігінің қалыптасу жағдайының өзгеруіне әкеледі. 


 
 
121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет