табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де
қызметінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалануы;
қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен
қасиеттерінің сипаттамасы;
қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи
ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де
тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар
туралы ескерту;
қоршаған ортаның сапасын нормалау - адамның өмір сүруі
үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және
биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің
тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының
көрсеткіштерін белгілеу;