ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАР Қоршаған ортаны қорғау туралы заң 1-тарау
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар
пайдаланылады:
қоршаған орта - табиғи нысандардың, оның ішінде өзара
қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер
қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты
қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы:
қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді
іс-қимылына,қоршаған
ортаның
сапасын
жақсартуға,
табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған
мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі:
қоршаған ортаны қорғау нысандары - қоршаған ортаның
заңдарымен қорғалатын құрамдас бөліктер:
табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа
қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық, т.б.
қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері;