131
қоғамдық қорлар құруға:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге,
пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға
қатысуға:
қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен
ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстарды беруге және
оларды қарауды талап етуге:
қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап,
оған қатысуға:
кәсіпорындарды, құрлыстар мен экологиялық жағынан зиянды
өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға
беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта
мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық, қызметін
шектеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе
сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды
жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау
туралы заңдардың бұзылуысалдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне
келтірген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге:
заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде
көзделген басқа да құқықтарын белгіленген тәртіппен іске асыруға
құқығы бар.
3. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи
ресурстарға ұқыпты қарауға,қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және
жеткеншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: