«Сауат ашу» пәні бойынша №3
1. Мұғалімнің аты-жөні, еңбек өтілі, санаты, өңірі, мектеп атауы: Жукенова Айжан
Жаксылыковна – бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі – 3 жыл 8 ай. Санаты – педагог-
модератор. Өңір – Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Мектеп атауы: «№20 жалпы
орта білім беретін дамыта оқыту мектебі» КММ.
2. Білім алушының аты-жөні (кез келген лақап ат), сыныбы: А.Б. 4«Ә» сынып
оқушысы.
3. Білім алушының ерекше қажеттіліктерінің қысқаша сипаттамасы, «күшті»
және «әлсіз» тұстары: Әлсіз жақтары: А.Б. 2-ші сыныпқа басқа мектептен ауысып келгенде
1-ші сынып оқу бағдарламасын меңгере алмаған, 2-3- 4 сыныпта жеңілдетілген
бағдарламамен білім алды. Тіл кемістігі бар, белсенді сөздік қоры өте аз. Дыбыс туралы
түсінігі қалыптаспаған, сөздерді буынға бөліп оқи да алмады, жазу каллиграфиясы өте
нашар. Математикалық түсінік қалыптаспаған, берілген тапсырмаларды өздігінен мүлдем
орындай алмайды. Ересектердің көмегін қажет етеді. Жақсы жақтары: А.Б. еш уақытта қарсы
келмеді, айтқанды орындауға тырысты, кек сақтамады, ашу білдірмеді. Оқу үрдісі кезінде
тәртіп сақтап отырды.А.Б. толық ауқатты, жағдайы жақсы тәрбиелі отбасынан. Ата-анасы
баланың болашағына алаңдаулы. Үміт күтуде, әр ауыртпашылықты бірлесе көтере біледі.
4. Осы баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақта қандай
Достарыңызбен бөлісу: |