Кіріспе
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің маңызды міндеті – әрбір
баланың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Әрбір
педагогикалық ұжым жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жолында
инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күнделікті практикасын
әдеттегі мінез-құлық шеңберіне айналдыруға ұмтылуы тиіс.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру еліміздің білім беру жүйесін
дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда. Қазақстан
Республикасының заңнамасымен барлық білім алушыларға, олардың жеке
мүмкіндіктерін, ерекше білім берілуіне қажеттіліктерінің (бұдан әрі – ЕБҚ)
әртүрлілігін ескере отырып сапалы білім алу құқығына кепілдік берілген.
ЕБҚ бар азаматтардың сапалы білім алуына тең қолжетімділік
жағдайларын жасау олардың келешек өмірі үшін де үлкен артықшылыққа ие.
Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыру
мүмкіндігіне алып келеді.
Инклюзивті ортада білім ала отырып, ЕБҚ бар балалар ашық болуға
үйренеді, өмірлік қажетті коммуникация дағдыларын меңгереді, қоршаған
адамдармен
қарым-қатынас
жасауға
үйренеді.
Ерте
әлеуметтік
инклюзия – баланың келешектегі өмірге бейімделе алатынына сенімділіктің
кепілі. Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік,
экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан сапалы білім алу құқықтарын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Инклюзивті білім беру әрбір адамның қандай да бір кемсітушіліксіз білім
алу құқығын іске асырудың дамыған халықаралық қоғамдастықта танылған
құралы, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесін дамытудың
негізгі бағыты болып табылады.
Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында заманауи педагог
қызметінің маңызды ерекшелігі кәсіби іс-әрекеттердің көп векторлылығы және
әртүрлі нұсқалылығы болып табылады. Әрбір мұғалім білім алушының білім
бағдарын ұйымдастыра отырып, көп функциялы педагогикалық міндеттерді
шешеді. Олардың ішіндегі ең бастысы – әрбір баланың табысқа жету жағдайын
жасаумен ұштастыра отырып, әртүрлі қызмет түрлеріне қосылуы. Әрине, бұл
мұғалімнен әрбір баланың ерекшеліктерін білуді, мықты жақтарын табуды
және оның білім берілуіне қажеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін талап
етеді.
Бүгінгі күнгі мектептің негізгі міндеті – баланың даралығын таныту, оған
ашылуға,
дамуға,
әлеуметтік
әсерлерге
талғамын
қалыптастыруға,
тұрақтылықты табуға көмектесу. Оқыту процесінде әр баланың даралығын ашу
заманауи мектепте инклюзивті білім беруді құруды қамтамасыз етеді. Мұндай
оқытудың мақсаты бірыңғай сынып ұжымында «орташаланған» білім алушыға
емес, танымдық мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып,
жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық
жағдайлар жүйесін құру болып табылады [1].
4
Инклюзия кез келген баланың білім алу қажеттіліктеріне бейімделген
моральдық, материалдық, педагогикалық ортаны қалыптастыра отырып,
мектептің барлық әлеуметтік процестерін қамтиды. Мұндай қолайлы жағдайлар
тек ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, білім беру процесінің барлық
қатысушыларының бірлескен командалық өзара әрекеттестігінде ғана жасалуы
мүмкін. Бұл жағдайда барлық балалар оларға табысты болуға, осы қоғамда
қауіпсіздікті және өз орнын сезінуге мүмкіндік беретін қолдаумен қамтамасыз
етіледі [2].
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім алушылардың дайындық
деңгейі туралы объективті және шынайы ақпарат алудағы маңызды рөл
критериалды бағалау жүйесіне тиесілі. Жүйе білім берілуіне қажеттіліктері
бойынша сыныптағы білім алушылар құрамының бірдей еместігін ескеретін
және оқытудың жеке нәтижесіне ие болуға мүмкіндігін беретін критерийлер
негізінде құрылған.
Инклюзивті білім беруді іске асырудағы қиындықтар мектептегі оқу
процесін ұйымдастыру мен практикаға дәстүрлі көзқараспен қарайтын
педагогтердің стереотиптерімен, оқыту әдістерінің икемділігінің жоқтығымен
байланысты.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне бастауыш
мектеп білім алушыларына, олардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктері мен
жеке мүмкіндіктерін ескере отырып БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау
негізінде оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда
әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Ұсынылған материалдар бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі,
әдіскерлер, білім беру процесін қолдау мамандары үшін пайдалы болады [2].
|