9-ТАРАУ
ƏР ТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІНДЕ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МƏСЕЛЕСІ
9.1 Бастауыш мектепте информатиканы оқыту
мəселелері
Психологтар ойлаудың негізгі логикалық құрылымы 5-11
жаста қалыптасатындығын дəлелдеп отыр. Мұндай құрылымның
неғұрлым кешірек қалыптасуы қиындық туғызып жəне көбінесе
аяқталмай қалуы мүмкін, сондықтан, информатиканы оқытудың
бір мақсаты логикалық ойлауды дамыту екендігін ескере отырып,
информатиканы оқытуды бастауыш сыныптардан бастаған жөн
екендігін айтады.
1985 жылдан бастап мектептерге алғаш рет «Информатика»
пəнi 9-10 сыныптардан бастап енгiзiле бастағаны белгiлi, содан
кейін информатика пəнiн оқыту барысында жинақталған көптеген
тəжiрибелерге сүйене отырып, бұл пəндi төменгi сыныптардан
бастап оқытуға болатындығы практика жүзiнде дəлелдендi.
Жалпы
бастауыш
мектептерде
информатиканы
оқыту
əдiстемелерiне тоқталып өтейік.
С. Пейперт пен М. Мински бастауыш сынып оқушыларына
«Информатика жəне есептеуіш техника негiздерi» пəні бойынша
əрi жеңiл, əрi қызықты Лого программалау тiлiн оқытуды ұсынды
[1]. Мұнда зерттеу ортасы ретiнде – Лого программалау тiлi,
зерттеу объектiсi ретiнде – компьютер, ал атқарушы ретiнде тасбақа
алынады. Лого программалау ортасын пайдаланғандағы мынадай
жетiстiктерге қол жеткізілген: балалар қоршаған ортаны еркiн
меңгередi, сонымен қатар өз бетiмен көрген-бiлгенiн негiздеуге,
қорытындылауға үйренеді; Лого ортасында оқушылар жiберген
қателерiн өздерi жөндейдi; Лого ортасында мектепте оқытылатын
«ғылыми теориялар» мен балалардың құрастырған «ғылыми емес»
теориясы арасында айтарлықтай алшақтық болмайды; оқушылардың
мұғалiмдермен жүргiзiлетiн сабаққа қарағанда, олардың Лого
программалау ортасына деген қызығушылықтарының басым
екендiгi байқалған.
255
Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттiгiн
алғаш рет 1979 жылы А. П. Ершов, Г. А. Звенигородский жəне
Ю. А. Первин ұсынған [2]. Олар төменгi сыныптар үшiн
информатиканы оқыту мазмұны мен программалаушы түрiндегi
ойлауды қалыптастыру үшiн қажеттi көрiнiстер мен түсiнiктердi
анықтаудың құрылымын ұсынды. Бұл ой-тұжырымдар келесi
А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин, М. Гольцмандар
бiрлесiп жасаған «Роботландия» программалалық-əдiстемелiк
жүйеде көрiнiс тапты [3].
А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин жəне М. Гольцман
ұсынған «Роботландия» курсы алғаш рет 1987 жылы жас программа
құрушылардың Переславтағы жазғы мектебiнде тəжiрибеден өтті.
Бұл жылдары екi Переславтық мектептiң бiрнеше сыныптарында
салыстырмалы педагогикалық эксперимент басталды. Олардың
міндеттері информатиканы үйренудi бастаған оқушылардың жасын
бағалау болып табылады.
Екi жылдық «Роботландия» курсы 3-4 сыныптарда бiрмезгiлде
жүргiзiле басталды. Осы жылдың жазында Переслав мектебiнiң қол
астындағы балалардың халықаралық компьютерлiк мектептерiнде
Роботландия кафедрасы жұмыс жасады. Бұл топ ұйымдастырған
сабақ мектептен тыс – оқу тəрбиелiк жұмыстар ретiнде жүргiзiлдi.
Роботландия курсы бастауыш сыныптарға информатиканы
енгiзудi алғаш рет бастаған тəжiрибелiк жұмыстардың бiрi,
өйткенi, бұл жылдары орта мектептiң тек 9-10 сыныптарына ғана
информатика пəнi оқытылатын едi. Сондықтан, бiрден төменгi
сыныптарға информатиканы енгiзудi авторлар былай түсiндiредi:
оқушылардың ойлауының қалыптасуына информатика курсының
рөлi өте маңызды екендiгiн; ЭЕМ-де оқушылардың ақпараттармен
практикалық жұмыстар жүргiзу қажет екендiгiмен; компьютер
информатика курсын роботтар елiне деген сияқты қызықты
ойындарға айналдыруға мүмкiндiктер туғызады деп тұжырымдайды:
– оқушыларға əлемнiң ақпараттық бейнесiн қалыптастыру (бұл
мiндет информатикада жаратылыстану ғылымында қойылады);
– оқушыларда компьютерлiк сезiм қалыптастыру. Мұнда
оқушылар ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалана бiлулерi керек. Қажеттi құрал
ретiнде пайдалану мерзiмi мен мүмкiндiктерiн бiлуi керек;
– ойлаудың операциялық стилiн қалыптастыру.
Роботландия курсының жалпы тұжырымында мəтiндiк, графиктiк
жəне музыкалық редакторлар жөнiнде мəлiметтер берілген.
256
Төменгi сыныптарға информатика курсын оқытуға негiзделген
келесi тұжырымды 1988 жылы Е. П. Смирнов ұсынады [4]. Бұл
жасалған жүйенiң басты ерекшелiгi ол өзіндiк курс ретiнде жасалды.
1991 жылы жарияланған Я. Морголис, А. Иванов, Э. Баран-
кина «Үздіксіз информатиканы оқыту мазмұны мен əдiстерi»
тұжырымдамасын оқушылардың жас шамасына байланысты
компьютердi практика жүзiнде қолдану мазмұнын басты бес кезеңі
бойынша қарастырады [5].
Авторлар 6-9 жастағы балаларға компьютерлiк бiлiм берудiң
келесi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтыған:
– ойлаудың түрлерiн дамыту үшiн компьютердi пайдалану;
– компьютердi оқытудың, жобалаудың, музыкамен шұғылда-
нудың, бейнелеу өнерiмен айналысудың, есептеудiң өңдеу құралы
ретiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi жөнiнде түсiнiктер беру;
– балалардың есептеуiш техникаға деген қызығушылығын жəне
жағымды сезiмдiк қарым-қатынасын тудыру;
– балалардың компьютермен жұмыс iстеуге бiлiмдерiн,
біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыру.
Курстың программалық құрамына «Роботландия», «Logo Wri-
ter» ал, бiлiм мазмұны ретiнде дамытушы компьютерлiк «Бiлгiш»
программалау пакеттерi ұсынылған. Информатиканы оқып бiлу
объектiсi ретiнде компьютерлердi қолдану оқытудың негiзгi құралы
болып табылады.
Информатика курсының кезектi кезеңi 1991 жылы басталған
«Пилот мектептерi» жобасымен байланысты. Оқу үдерісiнде ІBM
PS/2 типтегi дербес ЭЕМ пайда болды. Бұл түрдегi компьютерлер үшiн
жаңа бастаушыға немесе жеткiлiктi маманданбаған пайдаланушыға
есептелiнген үлкен көлемдегi əртүрлi программалық құралдар бар.
Курс бойынша нақты оқу құралы жоқ, бiрақ жақсы əдiстемемен
жабдықталған оқу-əдiстемелiк кешендер бар болды.
Мектептегi информатика курсы бiрiншi кезекте балаларды
программалауға үйретуге бағытталған, ал «Пилот мектептерi»
жобасында қабылданған тұжырымдамада информатиканың негізгі
курсында программалау негiздерiн жалпы оқыту қажет емес деп атап
көрсетілген. Қазiргi кезде пайдаланушылардың басым көпшiлiгi
программалауға жүгiрмейдi, өйткенi тар жəне кең көлемдегi
есептердi шешуге арналған қолданбалы пакеттердiң едəуiр саны
бар, сондықтан өз программаңды құруда осылардың iшiнен бiршама
ыңғайлысын таңдауға болады [6].
257
Осылайша, «Информатика негiздерi мен есептеуiш техника»
курсын оқытудың алғашқы кезеңдерiнде алгоритмдеу арқылы
математикалық есептер шығарудың кезеңдерi қолданса, көптеген
– эксперименттiк байқаулар жүргiзу нəтижесiнде соңғы жылдары
информатиканы оқытуды бастауыш мектептерден, тiптi мектепке
дейiнгi балалардан бастау қажеттiгi туралы ой тұжырымдар пайда
бола бастады.
1992 жылы «Информатика мен есептеуiш техника негiздерi» кур-
сы бойынша 1-4-сыныптарға арналған бағдарлама ашық басылымда
жарияланды, сонымен қатар бастауыш сыныптарға арналған
бiрнеше [7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15] бағдарламалар ұсынылып, оны
оқыту əдiстемелерi тəжiрибе жүзінде жүргізіле бастады. Сонымен,
1995 жылы Ресей Федерациясы бiлiм беру министрлiгi ұжымы
«Бастауыш мектептiң оқу үдерісiнде оқушылардың ақпараттық
мəдениетiн қалыптастыру жəне информатика негiзiн игерудiң
бiрнеше кезеңдерiн бөлу қажеттiлiгiнен бiрiншi рет 1-4 сыныптарға
информатика курсының алғашқы дайындық курсын оқытуға
болатындығын толық мақұлдап, шешiм қабылдады [15].
Бүгiнде Ресейде бiрнеше авторлар дайындап, тəжiрибелiк
сынақтан өткiзiлiп, қолданылып жатқан бағдарламалар мен
əдiстемелiк құралдардың бастауыш сыныптарға арналған нұсқалары
жеткiлiктi.
С. Ф. Сопрунов ұсынған: «Лого-Райтер» программасының басқа
программалар дан артықшылығы, бастауыш сыныптарға алғашқы
дайындық курсын оқытудың екi нұсқаларының негiзгi нұсқасы
Лого-Райтер компьютерлiк ортаны қолдануға бағытталғандығы,
яғни ол Macintosh дербес компьютерiнде орындалатын ЛогоМир
компьютерлiк ортасында орындалады. Лого программалау тiлi
қарастырылып отырған ЛогоМир ортасының оқушылар еркiн
меңгеруiне арналған жұмыс жасау мүмкiндiктерi, əсiресе бастауыш
сыныптар үшiн өте жақсы [16].
В. В. Горячевтің басшылығымен ұсынылған: «Информатика
есепте жəне ойында» қолдану бағдарламасы – бұл бастауыш
сыныптарға информатиканы компьютерсiз оқыту нұсқасы,
мұғалiмдер мен оқушыларды информатика элементтерiн оқыту
əдiстемесi мен оған қажеттi құралдар жүйесiмен толық қамтамасыз
етедi. «Информатиканы есепте жəне ойында қолдану» курсын
бастауыш мектептiң мұғалiмдерi, сабақты информатика пəнi мұғалiмi
258
қатыспай-ақ оқыта алады, бiрiншiден: ондағы қарастырылатын
материалдар бастауыш мектепке сабақ беретiн мұғалiмдерге толық
түсiнiктi, оның мазмұны «Қызықты математикадағы» сияқты
құрылған; екiншiден: мұғалiмдерге арналған əдiстемелiк нұсқаудың
əрбiр бөлiгi жан-жақты талданған, теориялық жағынан толық
қамтылған жəне оқушыларға арналған материалы көрнекі жасалған
[17].
В. В. Дубининаның ұсынған Информатика бойынша балаларға
арналған «Дамытушылық сабақтары» бағдарламасында ақпаратқа
байланысты бiраз сұрақтар талданған. Оның бiрiншi сыныпта
оқытатын «Ақпараттармен жұмыс жасау əдiстерi» деп аталатын
бөлiмi толық ақпараттар жөнiндегi мағлұматтарды түсiндiруге
арналады. «Балаларға арналған информатика дамыту сабағы» атты
оқу-əдiстемелiк құралында, оқушыларды ақпараттық мəдениеттiң
алғашқы қалыптасуына арналған қызықты бiрнеше тапсырмалар
жиыны келтiрiлген. Бағдарламаға сəйкес берiлген əрбiр тақырып
бойынша жұмыс жасайтын компьютердi қолдануға жеткiлiктi түрде
көңiл бөлiнген [12].
И. В. Левченконың «Бастауыш мектепте информатиканы оқып
үйренуде алгоритмдiк шеберлiктi дамытудың əдiстемелiк құралдары»
еңбегінде автор өзiнiң зерттеу жұмысында бастауыш мектептiң
1-4 сыныптарына информатиканы оқып үйренуде алгоритмдiк
шеберлiктi дамытудың əртүрлi əдiстерiн қарастырады. Əрбiр
сыныпқа информатика элементiн оқытуды алгоритмдiк жолмен
бередi. 1-сыныптан бастап келесi сыныптардың бағдарламалары
бiртiндеп күрделене бастайды. Алгоритмдермен жұмыс iстеу
үшiн КИД/Малыш, «Роботландия» компьютерлiк сүйемелдеу
программалары қолданады [18].
А. А. Витухновская, О. А. Красноперова, Е. Я. Коган жəне
Ю. А. Первин ұсынған компьютердi қолданып оқытуға бағытталған
бiрнеше бағдарламалардың iшiнен «Ақпараттық мəдениет»
бағдарламасы өзiнiң алға қойған мақсатының анықтығымен жəне
ондағы қарастырылатын материалдардың мазмұны информатика
пəнiне сəйкес келетiндiгiмен ерекшеленедi. Ал, оның авторлары
мектепте өтiлетiн 1-шi сабақтан оқушыларда «Ақпараттық мəдениет»
элементтерiнiң негiзi қалануы қажет деп есептейдi [19].
2003 жылы Ю. А. Первин «Информатиканы ерте жастан оқыту»
курсының тұжырымдамасын ұсынған [20]. Автор бұл еңбегiн
259
информатика пəнi мұғалiмдерiне өзiнiң «Информатика негiздерi»
оқу құралы кешенiне енгiзiлген 4-сабағын ұсынады.
Бiрiншi сабағында «программалық ойлау мəнерi» ұғымына
түсiнiктеме берiп, оған қажеттi келесi дағды мен біліктіліктердің
қалыптасу қажеттiлiгiн атап өтедi: мақсатқа қажеттi iс-əрекеттiң
құрылымын жоспарлаудың; объектiлер мен жүйелердi сипаттауға
қажеттi ақпараттық модельдердi құрудың; берiлген тапсырманы
шешуге қажеттi ақпараттарды iздеудi ұйымдастырудың; тəртiптiлiк
жəне байланыстың тiлдiк құралдарын құрудың; түрлi пəндiк
салалар бойынша тапсырманы шешуде компьютермен дер кезiнде
жұмыс жасаудың; пернетақтамен жəне тышқанмен жұмыс жасау,
компьютермен өзара қарым-қатынас жасаудың техникалық
дағдылары сараланып көрсетiлген.
«Мектептегі информатика курсының негiздерi» атты екiншi
сабағында сол кезеңде бiлiм беру iсiнiң қойылып отырған жаңа
мəнерде ойлай бiлетiн ұрпақ тəрбиелеу мiндетi, тек мектепте
оқытылатын дəстүрлi пəндер арқылы қалыптастыру мүмкiн еместiгi
айтылған. Тiптi гуманитарлық пəндермен қатар, физика, астрономия,
биология, математика сияқты күрделi пəндер оқушылардың
операциялық ойлау мəнерiнiң қалыптасуын қамтамасыз ете
алмайтындығы мысалға келтiрiлген.
Ал, үшiншi сабағында информатиканы оқушыларға ерте бастан
оқыту қажеттiгi идеясын ұсынған. Информатика курсының бiлiм беру
мазмұны автордың тұжырымы бойынша салыстырмалы түрде келесi
бөлiктерден тұрады: операциялық ойлау мəнерiн қалыптастыруға
қажеттi iргелi бiлiм, iскерлiк жəне дағдылар жөнiнде түсiнiктер
жиынтығы (1-4 сыныптар); информатиканың ой тұжырымдары мен
əдiстерiн адам iс-əрекетiнiң өзге салаларында қолдануға қажеттi
қолданбалы біліктіліктері мен дағды, жиынтығы (6-9 сыныптар);
информатиканың ғылым ретiнде бүгiнгi ғылыми бiлiмдер
жүйесiндегi алатын орнына сəйкес – негiзгi қағидалар жүйесi
(10-сынып); бүгiнгi жəне дамушы есептеуiш техниканың, есептеуiш
программалар, ақпараттық жəне коммуникациялық жүйелердiң
мүмкiндiктерi бойынша жалпы бағдар ала алуды қамтамасыз ететiн
қажеттi бiлiмдер жиынтығы (11-сыныптар).
Сонымен қатар, Ю. А. Первин информатика пəнiн сабақ
кестесiнде жеке пəн ретiнде емес, өзге пəндермен сабақтастырылған
курс ретiнде бастауыш сыныпта оқылатын пəндердi оқыту
260
технологиясына сəйкес екендiгiн жəне оны арнайы дайындықтан
өткен сынып жетекшiсi жүргiзуге болатындығы əбден мүмкiн
екендiгiне назар аудартады.
Төртiншi сабағы мектептегi ақпараттық бiлiм берудiң құрылы-
мын ашуға арналған. Мұнда бiлiм берудi ақпараттандыруға қажеттi
оқу бағдарламалары, қолданбалы программалар, программалық-
əдiстемелiк жүйенiң құрылымы мен атқаратын қызметiнiң
мазмұндық сипаттамалары берiлген. Информатиканы ерте жастан
оқыту курсын жеке тұлғаның жан-жақты үйлесiмдi дамуының
аса маңызды құралы ретiнде, осы курстың тақырыптарын келесi
бағыттар бойынша ажыратып көрсетедi: ақпараттық (теориялық)
бағыт; компьютерлiк (практикалық) бағыт; алгоритмдеу бағыты.
Бастауыш мектептерге ұсынылған көптеген бағдарламалар мен
əдiстемелiк құралдар оқушылардың логикалық жəне алгоритмдiк
ойлау қабiлетiн қалыптастыруға арналған. Аталып өткен тəжiрибелiк
бағдарламалар құрылымы жағынан өзгеше болғанмен, жалпы
олардың көздеген мақсаттары ортақ, яғни оқушыларда ЭЕМ-мен
қарым-қатынас жасау мəдениеттiлiгiн қалыптастыру; оқушыларды
дайын бағдарламалармен жұмыс жасай бiлуге үйрету; оқушыларда
компьютер, алгоритм, ақпарат жəне информатика жөнiнде алғашқы
түсiнiк қалыптастыру.
1992 жылдан бастап елiмiз егемендiк алып, Қазақстан мектептерi
одақ құрамынан шығуына байланысты, ендi бiздiң елiмiзде де
ақпараттандыру жұмыстары жандана бастады.
Республикамызда информатика курсын орта мектептердiң
нешiншi сыныбынан бастап енгiзу, оны қалай оқыту жəне ұлттық
тiлдегi мемлекеттiк стандарт жасау қажеттiгi жөнiндегi мəселелердi
шешу бойынша қазiргi кезде Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев,
Н. Т. Ермеков, Қ. С. Əбдиев, Н. Стифутина, Б. Нақысбеков, Қ.
Ағанина, сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы Бiлiм Академиясы
мен орта жəне кəсiптiк бiлiм беру институтының информатика,
математика, физика пəндерiн оқыту бөлiмiнiң ғылыми қызметкерлер
тобы айналысуда [21, 22, 23, 24, 25, 26].
Бiздiң республикамызда да ұлттық мектептерге информатика
мен жаңа ақпараттық технологияны орта мектептердiң барлық
сыныптарына жаппай енгiзу қажеттiгi дəлелденген. Ұлттық
мектептерге информатика мен жаңа ақпараттық технологияны
орта мектептердiң барлық сыныптарына жаппай енгiзу көзделуде.
261
Информатика сабағы дəстүрлi түрде тек орта жəне жоғары
сыныптарда оқытылып келсе, қазірде бастауыш сыныптарда
информатикадан бiлiм беру мəселелері кейiнгi кездерде ғана қолға
алынып жүрген мəселелердің бірі.
Бiздiң елiмiзде бастауыш мектептерге информатика курсын 1-3
сыныптардың оқу үдерісіне алғаш рет дамытушы компьютерлiк
ойындар арқылы енгiзудi Ж. С. Сардарова ұсынған. Оның алға қой-
ған мақсаты: бастауыш мектептердiң оқу барысында пайдаланатын
дамытушы компьютерлiк ойындар жүйесiн теориялық тұрғыдан
негiздеумен қатар, олардың пайдалану əдiстемесiн жасау болып
табылады. Қазақ мектептерiнiң бастауыш сыныптарына алғаш рет
мектептiң 1-3 сыныптарына арналған «Компьютерлiк сауаттылық
элементтерi» атты пəн енгiзілдi. Курсты оқыту үшiн 1-3 сыныптарға
арналған
төмендегідей
мазмұнды
бағдарламалар
ұсынды:
Электрондық есептеуiш техника туралы түсiнiк. Компьютер, оның
мүмкiндiктерi, пайдалану аясы, қызметi жөнiнде алғашқы мағлұмат,
қауiпсiздiк, санитарлық-гигиеналық талаптар. Компьютер жəне оның
мүмкiндiктерi, негiзгi тетiктерi. Компьютердi жұмысқа дайындау
жəне жұмысты аяқтау. Пернетақта пернелері, олардың қызметi жəне
қолданылу аясы. Арнаулы белгiлер. Қазақ, орыс жəне ағылшын
алфавитiне жаттығу. Мəтiнмен жұмыс. Сандарға арифметикалық
амалдар қолдану. Дайын жаттықтырушы программамен жұмыс жасау.
Компьютердiң көмегiмен сурет салу. “Торкөз” тестік редакторы.
”Иллюстратор”, ”Конструктор” графиктiк программаларымен
жұмыс. Өз бетiмен арнаулы пернелердің көмегiмен сурет салу.
“Музик” жаттықтырушы программасымен жұмыс. Геометриялық
фигуралар.
Бұл бағдарламалар Алматының №131, 163 мектептерiнде
сынақтан өткiзiліп, келесiдей қорытындылар жасалды: бастауыш
сынып оқушыларының жаңа технологияны танып меңгеруге жəне
компьютерлiк ойындарға деген баланың қызығушылығының жоғары
деңгейде болғандығы анықталды; берiлген курсты тез де жеңiл
меңгергені; компьютерлiк ойын негiзiнде құралған материалдарды
ерекше ынтамен меңгергендiгiн байқатқандығын анықтады
да, «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» курсын бастауыш
мектептерде оқытудың тиiмдi екендiгiне көз жеткiзедi.
«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға
дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi
оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.
262
Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi
қоғамдағы ақпараттық мəдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық
жəне коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мəнiмен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм
берудегi
ақпараттық
технологияның
ЮНЕСКО
институтының
“Бастауыш
бiлiм
берудегi
информатика”
ұсыныстарын, информатиканы оқыту тəжiрибелерiн талдау жəне
компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып,
авторлар ұжымы (Мұхамбетжанова С. Т., Кабулова Г. С. жəне т.б.)
орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мəдениет
негiздерi” пəнiн оқытуды ұсынды.
Бұл пəннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ой-
лау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық
мəдениет пəнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.
Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның
жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жа-
сай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау жəне шешiмдер
қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |