242
қолдануға болатынын тəжірибе көрсетіп отыр. Мұнда оқушылар
мұғаліммен кеңінен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасалынады.
Клубтық əрекет оқушылардың түрлі жастағы топтарының
белсенді шығармалық əрекетін еліктіруге, пəндік білімдері мен
біліктерін дамытуға, мəдени құндылықтарды үйренуге бағытталған.
Клубтың негізгі əрекеті, ереже бойынша оның жетекшісінің түрлі
жеке жəне ғылыми қызығушылығына, мамандануына байланысты
түрлі жобалармен жұмыс жасауға бағытталған.
Компьютерлік клуб сыныптық не болмаса мектеп қабырға
газеттерін шығаруда, интернеттегі мектеп парағын өңдеп тұруда,
желілік жобалар, конкурстар, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік
береді.
Конкурс. Бұл ұжымдар жарысы немесе тек қана бір жеңімпаз
жарысы, мұнда оқушылардың сол немесе басқа ғылым облысы-
на, яғни өнер, спорт жəне т.б. деген қызығушылығын арттыру
мақсаты қойылған. Ол оқушының өз бетінше жұмысына немесе
мектеп кешінің, үйірме жұмысының, тақырыптық немесе есептік
формасы болуы мүмкін. Конкурсқа оқушылардың шығармашылық
əрекеттерінен туындаған өнерлері суреттер, анимациялар, програм-
малар жатқызылуы мүмкін.
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың болашақ
мамандықтарымен байланысты информатиканың өмірмен бай-
ланысын көрсететін үйірме жұмыстарына қатысу, олардың
сабақтағы белсенділігін арттырады: оқушылардың информатикаға
қызығушылығы артып, кейбірінің ізденушілік əрекетке талпынуы
байқалады.
Үйірме – сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың бірден бір
тəсілі. Үйірме көбіне жақсы оқитын оқушыларға ұйымдастырылады.
Алайда, кейде үлгермеуші оқушылардың да үйірмеге қатысуға
ниет білдіріп жатады, кейде сол үлгермеушілер үйірме жұмысына
қатысып, жақсы нəтижелер көрсетеді. Ондай оқушыларға тек
қана жақсылап назар аудару қажет, олардың информатикаға
қызығушылығының артқанын қадағалап, үйірме жұмысының тап-
сырмаларын игеріп алып кетуін бақылау қажет. Бастысы – информа-
тикадан үйірме жұмысын жалпы сипатын сақтау керек, сонда оған
барлық қызығушылық танытқандар қатыса алады.
Ұйымдастыру кезінен бастап, оқушыларды үйірмеге тарту керек,
оларға үйірмеде сабақта өтілетін тапсырмалар қайталанбайтынын
243
айтып, жұмыстың сипатын ашу керек (ол үшін информатика
сабағының бірінде оқушылармен үйірмені ұйымдастыру жөнінде
ақылдасып, талқылау қажет).
Үйірме аптасына бір рет, əр сабаққа бір сағаттан бөлініп өткізіліп
отырады. Үйірме жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың өздерін
мақсатты түрде еліктіру керек (оқушыларға тақырыптар бойынша
хабарламалар дайындату, тарихи сипаттағы анықтамалықтар жасату,
сабаққа программалық құралдарды даярлау жəне т.б.).
Мұғалім үйірмеде оқушылар еркін ой алмасып, белсенді пікірта-
лас құра алатындай жағдай жасау керек. Үйірме жұмыстарының
тақырыптарына информатика тарихын, программалық қамтаманың
əртүрлілігін,
информатиканың
математикалық
негіздерін
қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: