249
Жеке жұмыста баланың əрекетін үйрену маңызды: суретіне,
қылығына, əңгімесіне қарап. Ұжымды бақылауда əлеуметтік өлшем
əдісі ақпаратты болып табылады. Əлеуметтік өлшем арқылы педа-
гог атақты немесе керісінше, атақты емес оқушыларды анықтауға,
кіші топтардың бар жоғын анықтауға, олардың арасындағы қарым-
қатынасты анықтауға мүмкіндік болады.
2. Дайындық жəне модельдеу. Бұл кезде сыныптан тыс жұмыстың
негізгі тəрбиелік жұмысы белгілі бір əрекет бойынша мұғалімнің
модель құруымен аяқталады. Тіпті тəжірибелі мұғалімге де сынып-
тан тыс жұмысты өткізбес бұрын оған дайындық қажет болады.
Сондықтан əрбір кешті əдістемелік тұрғыдан құрастырып, оның
өтілуін модельдеу қажет болады. Жоспарды мұғалім оқушылар
қызығатындай етіп құрайды. Жоғары сыныптара бұл жұмысты
оқушылар мұғалімнің басқаруымен жасай алады. Тəрбиелік жұмысты
жоспарлай білу мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастыруының бір
элементі болып саналады.
Модельдеу нəтижесі сыныптан тыс жұмыс жоспарында көрініс
табады, оның құрылымы келесідей: аты; мақсаты, міндеті; мате-
риалдары, құралдары; өткізу формасы; өткізу орыны; өткізу жоспа-
ры.
Алдымен сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы көрсетіледі. Оның
тек қана мазмұнды нақты көрсетуі керек емес.
Дайындықты кештің тəрбиелік жəне білімдік мақсаттары мен
міндеттерін айқындаудан бастау керек.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты дамытушы, түзетуші, құрушы,
тəрбиелік қызметтегі сипатта болу керек. Жаңа білімдер ғана кештің
мақсаты бола алмайды. Міндеттер нақты, мазмұнды бейнелейтіндей
болуы керек. Мақсат пен міндет нақты болған сайын, педагогтың
күтілетін нəтижесі айқын болады.
Мақсат, міндет, приоритетті қызметтерге сəйкес мазмұн
анықталып, нақты формалар, құралдар, əдістер анықталады.
Сыныптан тыс жұмыс жабдықталуына түрлі құралдар
жатқызылады: құралдар, ойыншықтар, бейнефильмдер, диапози-
тивтер, программалық құралдар, ақпараттық ресурстар, музыкалық
сүйемелдеу жəне т.б. жатады. Маңыздысы төрешілер мен команда
мүшелеріне орындықтар үстелдерді дайындап қою; одан басқа ват-
ман, қарындаш, қалам, тапсырмалар орындауға тақталар, бор жəне
шүберектер дайындап қою.
Орынды безендіруде атақты ғалымдардың айтқан сөздері бар
250
плакаттар, ғалымдардың суреттерін, ауызша есептелген плакаттар,
ребустар, кроссвордтар іліп қоюға болады.
Сыныптан тыс сабақты өткізу формасы экскурсия, виктори-
на, конкурс, олимпиада жəне т.б. болуы мүмкін. Мұндай кезде
сабақты өткізу формасының жоспарына атын біріктіріп жазу керек
болады: «Информатикадан викторина», «Программистер турнирі»,
«Есептеуіш орталығына экскурсия», «Компьютерлік карикатуралар
туры».
Өткізілу орны қатысушылар санына, кеш формасына,
материалдық база талабына (информатика кабинеті, акт залы, спорт
зал) жəне т.б. сай анықталады.
Ұйымдастырушы жұмысты кешті дайындаудың маңызды
элементі ретінде атап көрсетуге болады. Мұғалім оны оқушыларды
еліктіре отырып басқарады. Мұғалім тапсырманың орындалуын
қадағалайды. Жауапты тапсырмалар сыныпқа, оқушылар тобы-
на берілуі мүмкін. Үлкен кештерді ұйымдастыру мақсатты түрде
ұйымдастырушы комитет құруды қажет етеді, ол үшін өте жақсы
дайындыққа байқау жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: