қалыптастыру.
мен, сергiту сəттерiмен сипатталады.
263
мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi жəне өлi табиғаттағы ны-
сандар, ақпарат жəне оның түрлерi, оларды алу жəне беру тəсiлдерi
сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.
Бағдарлама мазмұны оқушыларғы келесі тақырыптармен
танысуға мүмкiндiк бередi:
– ақпарат жəне оның түрлерi туралы түсiнiктермен;
– ақпараттық үдерістiң негiзгi заңдылықтарымен;
– əрекеттi жоспарлау жəне оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң
ерекшелiктерiмен;
– нысанды топтаумен жəне оны бөлумен;
– логикалық модельдермен жəне тұжырымдармен;
– орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын
меңгерумен;
– графикалық жəне мəтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен
– алгоритмдеумен жəне оның атқарушыларымен.
Сонымен, пəннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда
өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық
iс-əрекеттерi дағдыларын жəне үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық
мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
«Ақпараттық мəдениет негiздерi» пəнiн оқыту оқушыларды
бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.
Əрбiр курс тақырыптарға бөлiнген жəне олар таңдалынған
курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық
тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тəртiптi сақтау
ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Соны-
мен бiрге курстың əрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық
жəне технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп
отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық үдерістер” сияқты ұғымдарды
меңгертуде қоршаған əлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу
қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап
етiледi.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген əрбiр
тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген
тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар,
компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл
кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.
Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пəннен алған бiлiмдерi
қажет болады. Бұл пəннiң пəнаралық сабақтастығын жəне оқу
264
үдерісінде жаңа ақпараттық жəне коммуникациялық технологияны
пайдалану негiзiнде пəндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Пəндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136
сағатты қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында əрбiр сынып
оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау
деңгейi ескерiлген.
Достарыңызбен бөлісу: