Əдістемелік нұсқаулар
Сабақта мақсатты түрде ұжымдық дискуссия барысында
1-жағдайды талқылаңыз (1-сұрақ). Жеке жұмыста 2-жағдайда дис-
куссия нəтижелерін есепке алып шығармашылық карточкаларды
қолдану керек.
2-сабақ
Тақырып: «Сандық ақпаратты өңдеу технологиясын оқытудың
əдістемелік аспектілері. Кестелік мəліметтер қорымен жұмыс
дағдыларын қалыптастыру əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: сандық ақпаратты өңдеу технологиясын
оқытудың əдістемелік аспектілері мен кестелік мəліметтер қорымен
жұмыс дағдыларын қалыптастыру əдістемелік компоненттерін
меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: тəжірибелік.
Оқытудың технологиялары мен əдістері:ойын.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиеттер [1, 2, 8-11],
программалық құралдар – МҚБЖ, электрондық кестелер.
Студенттердің алдын ала дайындығы: сандық ақпаратты өңдеу
технологиясын оқытудың жəне кестелік мəліметтер қорымен жұмыс
дағдыларын қалыптастырудың əдістемелік тəсілдерін оқып-үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |