Оқытудың технологиялық компоненті
I. Оқу ақпаратын құрылымдау
1-тапсырма. Оқу əдебиетінде «Формальдау жəне модельдеу»
тақырыбы қалай ашылғанына талдау жасаңыздар. Нəтижелерді
келесі 15.1-кестеге жалпылаңыз.
15.1-кесте
Оқулық-
тың шығыс
мəліметтері
Тарау-
дың
атауы
Оқытудың мазмұны
Негізгі
ұғымдар
Анықтама-
лар
Модельдердің
жіктелуі
Мысалдар
2-тапсырма. «Санау жүйелері» тақырыбына жүйелік талдау
жасаңыздар.
Нəтижелерді сызба-граф түрінде көрсетіңіздер. Жүйелік тəсіл
негізінде оқушылардың аналитикалық қызметін ұйымдастыру үшін
түсінікті болатын өмірлік мысалдар келтіріңіздер.
II. Жағдаяттық есептер
1-жағдаят. Информатика оқулығында мынадай мысал
келтірілген: «Сутегі атомын оң зарядталған протон жəне теріс
зарядталған электроннан тұратындықтан оны жүйе ретінде
қарастыруға болады. Бір жағынан, сутегі атомы су молекуласына
жатады, яғни жоғарғы құрылымдық деңгейдің жүйесінің элементі
болып табылады».
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Информатика сабағының қай тақырыбында осы мысалды
пайдалануға болады? Жаңа тақырыпты оқытуда мұғалімнің қандай
пəнаралық байланыстарға сүйенуіне болады?
2. Егер мұғалім эвристикалық сұрақтар тəсілін қолданғысы кел-
се, осы мысалды талқылауды жалғастыруға ұсыныстар жасаңыздар.
3. Осы байланыста оқушыларға қандай үй тапсырмасын беруге
болады?
2-жағдаят. Мұғалім информатика сабағында «Чапаев» көркем
фильмі туралы айтуда. Осы фильмдегі басты рөліндегі кəдімгі
картоптың көмегімен столдың үстінде командир мен басқа да
сарбаздардың орындарын белгіледі. Мынандай сұрақ қойылды:
Чапаев қандай объектінің моделін тұрғызуда (командирдің,
417
сарбаздардың, ат отрядының немесе ұрыстың)? Осы объектінің
қандай қасиеттері мен қатынастары модельді бейнелейді?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Осы модельдің бейнелік жəне таңбалық элементтерін атаңыз.
«Ақпараттық модель» ұғымын енгізуді ойластырыңыз.
2. Егер мұғалім таңбалық көріну жəне ойластыру əдістемелік
тəсілдерін қолданғысы келсе, осы мысалды талқылауды
жалғастыруға ұсыныстар жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |