Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет229/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Теориялық мəліметтер

Мəселелік оқыту – проблемалық жағдайды жасау жəне пробле-

маны шешуде іздеуді басқару есебінен негізі нақты шығармашылық 



415

үдерісті  модельдеу  болатын  оқытудың  əдістері  мен  құралдарының 

жүйесі.

Мəселелік жағдай деген алдын ала алынған білімдер жеткіліксіз 

жəне  жаңа  білімдерге  субъективті  қажеттілік  пайда  болған 

жағдайларда  тəжірибелік  немесе  теориялық  тапсырмаларды  орын-

дау.

Мəселелік жағдайларды жасаудың негізгі тəсілдері:



1) мəселелік жағдай оқушылардың бұрын алған білімдерін жаңа 

тəжірибелік тапсырмаларды орындау барысында қолдану қажеттілігі 

болған кезде пайда болады;

2) мəселелік  жағдай  есепті  шығаруда  мүмкін  теориялық  тəсілі 

мен  оның  тəжірибелік  жүзеге  асуы  арасында  қарама-қайшылық 

болған жағдайда пайда болады;

3) мəселелік  жағдай  оқушылардың  əрекеттерді  орындау 

барысында  негіздеме  жасау  немесе  саналы  түрде  қабылдауда 

қиыншылық туу кезінде пайда болады;

4) мəселелік  жағдай  оқушылардың  берілген  есепті  шығару 

барысында шешу тəсілдерін білмеу кезінде пайда болады.

Мəселелік  жағдайларды  мəселенің  деңгейіне  байланысты 

былайша жіктеуге болады:

а) тəсілдерге байланысты емес туындайтын жағдайлар;

ə) мұғалімнен болатын жəне мұғаліммен шешілетін жағдайлар;

б) мұғалімнен болатын жəне оқушымен шешілетін жағдайлар;

в) мəселені өзіндік қалыптастыру жəне оны шешу;

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданып, 

информатика пəнінен зерттеу сабағын ұйымдастыру жəне жүргізудің 

мүмкін технологиялық тізбегі келесідей:

1) ұйымдастыру кезеңі;

2) мəселелік жағдайды жасау, болжамдарды анықтау, мақсаттарды 

қою;

3) болжамдары  тексеру  (АКТ  құралдар  көмегімен  модельдеу 



жəне  оқушылар  бұл  жағдайда  мұғалімнің  жетекшілігімен  топта 

өзіндік жұмыстар орындайды);

4) зерттеудің 

қорытындысын 

шығару, 

қорытынды, 

үй 

тапсырмасы.




416



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет