Əдістемелік нұсқаулар
Зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындық кезеңінде сту-
денттерге оқу ақпаратын құрылымдауға 1-тапсырманы орындай
ұсынылады. Студенттермен 2-жағдайды талқылау оқушылардың
қызметтерінің нəтижесін болжауға мүмкіндік береді.
2-сабақ
Тақырып: Ақпараттық модельдеу дағдыларын қалыптастыру
жəне компьютерлік тəжірибені жүргізу əдістемесі.
Дидактикалық мақсаты: ақпараттық модельдеу дағдыларын
қалыптастыратын əдістемені жəне компьютерлік тəжірибені
жүргізуді бейнелейтін кəсіби дайындықтың білімділік жəне амалдық-
əдістемелік компоненттерін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формасы: жұптық жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістемесі: зерттеушілік.
Оқыту
құралдары:
оқу-əдістемелік
əдебиет [1,7,3,2],
бағдарламалық құралдар – МҚБЖ, электрондық кестелер, нысан-
дарды басқарудың компьютерлік модельдері.
Студенттердің алдын ала дайындығы: ақпараттық модель-
деу дағдыларын қалыптастырудың жəне компьютерлік тəжірибені
жүргізудің əдістемелік тəсілдерін үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |