тізімі» жазылу арнасын ұйымдастыруға болады.
тар телеконференциялар немесе жаңалықтар тобы деп аталады.
бірыңғай ақпараттық кеңістігі. Web кеңістігін құрайтын жекелеме
құжаттарды Web-беттері деп атайды. Web-беттерді қарауға арналған
427
сау HTML (Hyper Text Markup Language – гипермəтіндерді белгілеу
тілі) тілі көмегімен жүзеге асырылады. HTML тілінің командалары
тег деп аталады. Көптеген тегтер жұппен қолданылады: ашылатын
тег жəне жабылатын тег. Жабылатын тег «/» таңбасынан басталады.
Мысалы:
Информатика – ғылым
Бұл мəтін ортадан теңестіріліп жазылады.
Суретті қою:
Гиперсілтемелерді қою: сілтеме көрсеткіші
WWW серверлерінде сақталған гипермəтінді электрондық
құжаттардың гиперкеңістігін құрайды, WWW – кеңістікте құжаттар
арасында еркін ауысу Web – серфинг деп аталады (танысып қарау
мақсатында орындалады). Web – құжаттар арасында мақсатты түрде
ауысу (жылжу) Web – навигация деп аталады.
Дүние жүзілік масштабта, яғни WWW-да файлдың адресі URL –
ресурстың бірыңғайлық көрсеткішімен (əмбебап Universal Resource
Locator) анықталады.
URL адрес 3 бөліктен тұрады:
1. Берілген ресурсқа кіруі жүзеге асыратын қызметке көрсеткіш.
Мысалы: WWW қызметіне қолданбалы хаттама TP – (Hyper Text
Transfer Protocol – гипермəтінді жіберу хаттамасы) болғандықтан,
алдымен http: // жазылады.
2. Ресурс сақталған компьютердің, яғни сервердің домендік ата-
уы http: // www. toyota. сom
3. Берілген компьютердегі файлға қатынаудың толық жолын
көрсету http: // www. toyota com / toyota. html
(Бумалар мен файлдарды ажырату үшін « / » таңбасы
қолданылады).
IRC қызметі. IRC – Internet Relay Chat қызметі бірнеше адамның
шынайы уақыт режимінде қарым – қатынас жасауына арналған,
кей кездерде чат – конференция немесе жай ғана чат деп аталады
(бағдарлама кеңінен қолданылатын mIRC.exe).
ICQ қызметі. Интернетке осы уақытта қосылған адамның
желілік IP – адресін іздеуге арналған қызметі. Өзінің түйініне қосу
жəне IP – адресті ерекшелеу мүмкіндігін беретін ұйымдар Интернет
қызметін ұсынушылар немесе сервис – провайдерлер деп аталады.