дамыту мақсатына; практикалық мақсатқа; тəрбиелік мақсатқа
бөлуге мүмкіндігін береді.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың
ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін
ескере отырып анықталады. Мектепке тəн негізгі мақсаттар
оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта
болатындығын қарастырайық.
Информатиканы оқытудың білім беру жəне дамыту мақсаты
бұл əрбір оқушыларға информатика ғылымының негіздері туралы
алғашқы орнықты білім беру, сонымен бірге түрлендіру үдерістері ту-
ралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану жəне осы негізде
оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы
ақпараттық үдерістердің мəнін, сонымен қатар ақпараттық техно-
логия мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы рөлін
ашу. Мектеп курсында информатиканы оқып-үйрену, онда оқылатын
басқа ғылымдардың негізін баянды жəне саналы меңгеруге, сондай-
ақ, осы ғылым саласынан оқушыларды негізгі біліктілік пен
дағдылармен қаруландыруға арналған. Информатика саласынан
білімді меңгеру, сəйкесінше біліктілік пен дағдыларды алуға, жеке
тұлғаны қалыптастыруға қажетті болатын оқушылардың саналы да-
муына, шығармашылық қабілеттіліктері мен ойлауының дамуына
əсер етеді.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы информатика
курсының практикалық мақсаты бұл оқушылардың технологиялық
жəне еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектеп бітіргеннен кейін
еңбек іс-əрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік жəне
дағдылармен қаруландыру. Бұл мектептегі информатиканың курсы
баланың ішкі жан дүниесін байытатын жəне ақылын дамытатын
информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстырып қана қоймай,
оқушыны компьютерде жұмыс істеуге жəне жаңа ақпараттық тех-
нологияларды пайдалану тəсілдерін үйретуге, яғни практикалық
бағытталғандығын көрсетеді.
61
Информатика курсының кəсіби мақсаттарында оқушыларға
ЭЕМ-мен тікелей байланысты мамандықтар туралы жəне мектепте
ЭЕМ-ді пайдалануға сүйенетін əртүрлі ғылымдар туралы мəлімет
берілуі тиіс. Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты істің
өндірістік бағытымен қатар, жастарды компьютерлік техниканы
сауатты пайдалануға жəне басқа да ақпараттық, коммуникациялық
технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайын-
дауды да қарастырады.
Мектеп информатика курсының тəрбиелік мақсаты ең ал-
дымен оқушыға есептеуіш техника мен ақпараттық технология
құралдарының қоғам мен өркениеттің тұтастай дамуындағы рөлі мен
мүмкіндіктеріне түсінік беретін қуатты дүниетанымдық ықпалмен
қамтамасыз етіледі. Мектеп информатика курсының оқушылардың
ғылыми танымына қосатын үлесі ақпарат туралы түсінікті ғылымның
негізі үш ұғымы, яғни қазіргі дүниенің ғылыми көрінісін құрудың
негізінде жататын зат, энергия жəне ақпарат ұғымдары арқылы
қалыптастырумен анықталады. Сонымен қатар информатиканы
жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мəдениеті жəне
өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау, іс-əрекетінің
алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты
жалпы тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Информатиканы оқып-
үйрену, сондай-ақ оқушылардан олардың ақыл-ой еңбегі мен жігерін,
ықыласын, саналы əрекетін қажет ететін алгоритмдер мен про-
граммаларды құра білуі жəне олардың ЭЕМ-де жүзеге асырылуын
табандылықпен, мақсаттылықпен, шығармашылық белсенділікпен
орындауы жəне жеке жауапкершілік пен еңбексүйгіштік, тəртіптілік,
ойлау шыншылдығы, өзінің көзқарасы мен пікірін дəлелдеу сияқты
жеке тұлғалық қасиеттердің дамуына мүмкіншілік туғызу болады.
Мектеп информатика пəнінде нақтылыққа, іс-əрекет пен ойлаудың
дəлдігіне ерекше мəн беріледі, себебі ойлаудың, баяндауды жəне
сипаттаудың дəл болуы – компьютермен жұмыс істеудегі негізгі
маңызды компонент болып табылады. Оқушыны кейде есепті қалай
шығару керектігі туралы тапқырлыққа алып келудің қиын екендігі
белгілі. Информатика курсында мəселе тек тапқырлықта ғана емес,
оның орындаушы ЭЕМ үшін алгоритмін дəл, əрі нақты жүзеге асы-
руда, осы алгоритмдерді қағаз бетінде өте дұрыс, дəл жазуда не-
месе қатесіз пернетақтадан енгізуде болып отыр. Жаңа курсты
оқып-үйренуде оқушыларда, əрбір дəлсіздік, олқылық, босаңсу,
62
шұбалаңқылық жəне т.б. ерсі көзқарастар бірте-бірте қалыптасуы
мүмкін. Бұл жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы
оқып-үйренуде өздігінен қалыптаспайды. Бұл жерде мұғалімнің ты-
нымсыз еңбегі қажет болады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген информатиканы
оқытудың негізгі мақсаттарының бірде-біреуі жеке түрде орын-
далмайды, олар бір-бірімен мықты байланыста жүзеге асырылады.
Оқушыларға осы саладан жалпы білім алуын қамтамасыз етпей, сол
сияқты оқу мазмұнының қолданбалы, практикалық қырларын еле-
мей информатика пəнінің тəрбиелік нəтижесін алуға болмайды.
Мектепте информатика саласынан білім берудің жалпы
мақсаттары өзінің жалпы дидактикалық мəнісінде көмескі болып
қалатын үш негізгі мақсаттар сияқты оқу үдерісіне қойылғанда
оқытудың нақты мақсаттарына айналады. Осы жерде информатика
пəнін оқытудың нақты мақсаттарын тұжырымдаудың оңай мəселе
еместігіне көз жеткіземіз.
Мұндай жағдай тек мектеп информатикасына қатысты емес,
сондықтан оған дəлелді түсіндіру бар. Мақсат түсінігінің жалпы
философиялық түсіндірмесіне көңіл аударайық: «Мақсат – іс-əрекет
нəтижесінің ойша, саналы болжамы. Мақсат тікелей себепші ретінде
адамның іс-əрекетінің бағытын реттеп отырады. Мақсаттың мазмұны
іс-əрекеттің объективті заңдарынан, субъектінің жəне қолданылатын
құралдардың нақты мүмкіндіктерінен тəуелді болады» [1]. Саналы
өнім ретінде мақсат өздігінен қозғалу мүмкіндігіне, динамикасына
ие, себебі, құбылмалы əлеммен қарым-қатынаста жəне өзі өзгеріп
отыратын іс-əрекеттегі адамның танымынан туындайды. Осы
айтылғандардан, мақсат пайда болу жағынан объективті бола тұра,
субъективті болып табылады [2, 643-б.]. Латындардың, “екі адам
бір ғана нəрсені айтып тұрса, ол бір ғана нəрсе емес” – деп айтуы
тегін емес. Бұрынғылардың ақылдылығы мен көрегенділігі біркелкі
ұғымдарды жиі пайдаланатын, осы ұғымдарға мағыналы өзгеріске
ие мазмұн беретін қазіргі педагог-информатиктердің пікірлерінде
ашық көрініс тауып келеді.
Сонымен информатика саласынан мектепте білім берудің
мақсаттары неден басталады жəне олардың қалыптасуына не əсер
етеді?
Мектептегі информатика пəнінің нақты мақсаттары ең алды-
мен информатика ғылымы қоғамның осы даму кезеңіндегі іргелі
63
негізін талдауға, оның басқа ғылымдар арасындағы орны мен
рөліне сүйенуі қажет болады. Бұл жерде ең алдымен информатика
ғылымының іргелі негіздері қалыптасу жəне даму күйінде қалып
отыр, бұл осы күнге дейін жалғасып отырған пікірталастар негізінде
оларды бірмəнді емес бағалауға алып келіп отыр. Мектеп пəндерін
оқытудың нақты мақсаттарының қалыптасуы, сонымен бірге білім
беру парадигмасының дамуына əсер етеді, атап айтқанда жал-
пы орта білім беру стандартына ыңғайларды қалыптастыру жəне
нақтылау, бұдан өз кезегінде əртүрлі ашық субъективті көзқарастар
мен пікірлердің қарама-қайшылығы туындайды [3-11 жəне т.б.].
Сонымен қатар, тек қана саналы, ғылыми негізделген мақсатты
таңдау, информатиканы оқытудың алдында тұрған міндеттердің
орындалуын жүзеге асыру жəне оқытудың тиімді тəсілдерін пай-
далану негізінде оқу материалын (оқыту мазмұнын) құрастыру
мүмкіндігін береді. Информатика саласынан жалпы мектептік білім
беру мақсатының эволюциясы мен біртіндеп жетілуін мектеп пəнінің
алғашқы нұсқасы ИЕТН-нен бастап ретпен қарастыру мақсатқа сай
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |