243
Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал» пассивті
шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Дивидендтер немесе
басқа сыйақылар төленетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы
№ 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 3030 «Қатысушылардың
дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоттарының кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт
Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 3030
Жалпы жиналыстың
хаттамалары, төлем
есептері
Жазудың
дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның дивидендтер
мен басқа сыйақыларды төлеу бойынша кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: