242
П (-) А (-)
4) әртүрлі тауарлармен 1600000 теңге сомада. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1330 = 1600000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Акционерлермен меншікті акцияларды өтеп алудан. Бұл
операциялар № 5210 «Сатып алынған меншік үлестік аспаптар»
пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Акцияларды
өтеп алу кәсіпорынның қаржылары есебінен болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 5210 шоттың дебетіне № 1010,
1020, 1050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт
Құжаттар
5210 — 1010, 1020, 1050 Жалпы жиналыстардың
хаттамалары, келісімдер,
реестрлерден көшірмелер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның алынып тасталған капиталының көлемі,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: