Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты ору жағдайы жəне сақтауға



Pdf көрінісі
бет140/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

13.4.  Астықты ору жағдайы жəне сақтауға  

тасымалдау жүйесі 

 

Астық 



массасының 

құрамы 


мен 

қасиеттеріне 

ору 

технологиясының  əдістері,  орудан  кейінгі  өңдеу  мен  сақтау 



өзгешеліктері,  астықты  комбайннан  түсіру,  оны  жайғастырып 

сақтау үшін тасымалдау жұмысының жүргізу жүйесі, техникалық 

шарттардың орындалу тəртібі т.б. əсер етеді. 

Ең  бастысы  дер  кезінде  оруды  ұйымдастыру  жəне  лайықты 

əдістерді таңдап қолдану, көп шығынның болмауын тудырады. 

Ерте  немесе  кеш  ору  астықтың  сандық  жəне  сапалық 

шығынын  көбейтеді.  Орудың:  тура  комбайнмен  ору;  егінді 

жатқызып  орып,  кепкен  соң  астықты  комбайнмен  жинап, 

дəндерін бөліп шығару; жаңа индустриялы технологиямен үйінді 

түрде астықты орып, кепкен соң майдалау əдістері бар. 

 

 



 

306


 

Астықты тасымалдау жолдары да əртүрлі болып келеді:  

–  егіс  даласындағы  комбайннан  астық  массасын  транс- 

портпен астық қабылдау кəсіпорындарына жеткізу;  

–  егіс  даласындағы  комбайннан  астық  массасының  бір 

бөлігін тікелей үлкен қоймаларға, ал қалғанын фермерлік, 

астық токтарына тасымалдау; 

–  егіс 


даласындағы 

комбайннан 

астықты 

түгелдей 

фермерлік  кіші  қоймаларға,  одан  кейін  үлкен  қоймаларға 

тасымалдау. 

Осы  тасымалдау  жүйелеріне  байланысты  астық  массасының 

бастапқы  сақталу  жағдайлары,  яғни  оның  ылғалдылығы  жəне 

тыныс алу қарқыны əртүрлі болып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет