Астықты бірінші тазалау
Бұл шара ең алдымен, астықтың жиымынан минералды жəне
органикалық текті ірі, кездейсоқ қоспаларды бөлуді қамтамасыз
етеді. Бірінші тазалауда астық үйіндісін тазартқышпен
(қопсымадағы таза дəндерді бөлектеп ажырататын машина)
тазалайды. Мұның нəтижесінде астық жиымын ойдағыдай
кептіру үшін дəндердің өте керекті қасиеттерінің бірі – оның
сусымалылығы артады.
Кептіруге қойылатын талап – астықтың бастапқы
технологиялық
қасиетін
жəне
тұқымдық
құндылығын
төмендетпей құрғақ күйінде тұтынушыға жеткізу.
Астықты екінші тазарту. Бұл шара астықты өңдейтін
мекемелердің талабына сəйкес кондицияға дейінгі тазарту жəне
қоймаларда одан əрі сақтауды жақсартуды қарастырады, ол
астықтың бүлінбей сақталуын қамтамасыз етеді. Екінші
тазартуды сұрыптағыш (сепаратор, триер) жəне басқа да түрлі
дəндер тазалағыш қондырғыларды қолданып жүзеге асырады.
Сақтауға салар алдында астықтың дəл салмағын, санын білу
мақсатымен өңдеуден өткен соң міндетті түрде таразыға тартып,
өткізу керек.
Əрбір технологиялық желі белгілі бір өнімділікпен
сипатталады, бірақ қабылдау орнына нақтылы келіп түсетін
астықтың мөлшері тəуліктің əр сағаты сайын орташа өнімділіктен
ауытқып отырады. Сондықтан, желілерді біркелкі тиеп отыру
үшін жинаушы шанақтармен жабдықтайды. Аталған шанақтар
тəуліктің үдемелі, қарбалас кезеңіндегі желінің өнімділігінен
артық болып, түсіп жатқан астықтың түгелін қабылдап, кейінірек
астық түсу біраз саябырлаған уақытта тиісті желіге қажетті
мөлшерін жіберіп отыруға көмегін тигізеді.
Одан басқа жинаушы шанақтар кейінірек талассыз өңдеуге
жіберілетін майда партиялар жасауға да мүмкіндік береді.
Жинаушы шанақтарды астықты тиісті технологиялық желіге
жібергенге дейін уақытша дұрыс сақтауды қамтамасыз ету
мақсатымен астықты желдетуге арналған қондырғылармен
жабдықтайды.
318
Технологиялық желі тұрақты не уақытша, жан-жақты
(универсалды) не арнаулы болып, элеваторлар жəне қабылдау-
тазарту, кептіру-тазарту мұнараларының негізінде құрылады.
Астықты қабылдау жəне өңдеу үшін элеваторлар негізінде
құрылған технологиялық желілер икемді, бейімді болады жəне
істелетін барлық жұмыс толық механикаландырылған. Бұл
экономикалық жағынан тиімді де, жоғары өнімді желілер
қатарына жатады. Элеваторларда салынып жатқан технологиялық
желілер диспетчерлік жəне механизм мен машиналарды
арақашықтықта автоматикалық басқаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |