434
Қаптағы өнімнің салмағы 50 кг болса, қаланған қаптар
қатарының биіктігін 2 қатарға көбейтуге болады.
Ұн мен жармада орын алатын үдерістерді еске ала отырып,
оның сапасын температурасы, дəмі, иісі, түр-түсі, ылғалдылығы,
зиянкестердің əсерінен бұзылуы бойынша бақылау жүргізіп
отырады.
Ұзақ сақтау барысында қышқылдылығын, ал бидай ұнының
желімшесінің саны мен сапасын тексеріп отыру өте пайдалы.
Ұзақ уақыт сақтау кезінде өнімнің нығыздалып қалуының
алдын алу үшін оқтын-оқтын жоғары қатардағы қаптарды төмен
түсіріп, төмендегілерді жоғары көтеріп, қайта қалап тұру керек.
Ұны нығыздалып қалған қаптарды көлденең бекітілген
кедергішелері бар тақтайдың бетімен домалатып, аударып түсіріп
отырады.
Ұн тіпті, қатты нығыздалып қалған жағдайда оны елеп,
бөлініп шыққан түйір, кесектерді уқалап тастайды. Дегенмен
нығыздалған ұн одан əрі сақтауға төзімсіз келеді. Сондықтан
оларды жоғарыда айтылғандай өңдеуден өткізіп, тез арада
тұтынушыларға таратып жіберудің жолын іздеу керек.
Егер кейбір қаптар суланып қалған жағдайда, оларды
басқалардан бөліп, ұнды төгіп, керек болса, електен өткізіп,
сосын таза құрғақ қапқа қайта салады.
Өнімдердің өздігінен қызу белгісі байқалса, тез арада бүкіл
қаланған қаптарды таңдап, сұрыптап, таратып, температурасы
дұрыс, салқын қаптарды қызынған қаптардан бөледі. Қызынған
қаптарды тігінен бір-бірінен алшақтау қойып, салқындату
мүмкіншіліктерін ойластырады. Тіпті, тезірек салқындату үшін
қаптардың аузын ашып та қояды. Өздігінен қызған ұн да сақтауға
жарамсыз, төзімсіз, сондықтан қаптардың биіктігін 5-6 қатардан
асырмайды. Мұндай ұнды бірінші кезекте өткізіп, таратып
жіберуге тырысу керек.
Жарманың өздігінен қызынуға ұшырай қалған жағдайында,
салқындату үшін оны қаптап таза кенепке төгеді, кейде дəндер
тазартқыш қондырғыларға да салып алуға болады. Ылғалданып,
тіпті, көгере бастаған белгісі бар жарманы оның одан əрі бүліне
түсуін тоқтату үшін кептіру керек. Егер сақтау барысында ұнда
не жармада астық қорының зиянкестері бары байқалса, тіпті,
бүлініп кетудің алдын алу үшін зақымданған өнімдерді бөлек
435
қоймаға ауыстырып, тез арада шара қолданады. Егер кене жəне
т.б. зиянкестер тек қатпардың сыртқы бетіне ғана белгі
қалдырып, ішіндегі өнімге əлі өтпесе, арнаулы орынға апарып,
мұқият, қаптардың бетін сыпырғы мен шөптен жасалған
тазалағыштармен (щеткалармен) тазалайды.
Егер ұн мен жарма бұзылып бүліне қалған жағдайда, оларды
електен өткізеді, не газбен өңдеп тастайды.
Суық түсуіне қарай қоймадағы барлық өнімді салқындатады,
қаптарды қайтадан қалайды жəне олардың қатарын шектелген
мөлшерге дейін көбейтеді. Көктемде қоймадағы ауаны қысқы
кездегі температурасы деңгейінде сақтауға тырысады. Қойманың
мүмкіндігі болғанынша терезе мен есіктерін тығыздап, тас қып
жауып қояды. Ауа райы жаңбырлы, тұманды болғанда жəне де
ерекше ыстық күндері сыртқы ауаның температурасы қойманың
ішіндегі температурадан жоғары болған кезде, қойманың есік пен
терезелерін жабық күйінде қалдыру керек.
Қоршаған ортаның температурасы жоғарылығына қарап
өнімдерді сақтаудың жаздық тəртібіне біртіндеп өте бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: