428
Бұрынғы колхоздар мен совхоздарда кептіру техникасы,
механикаландырылған қоймалар салынған емес, тек қана астық
түсіріп тазарту агрегаттары ЗАВ-20, ЗАВ-25, ЗАВ-30 жəне ЗАВ-
40-тар пайдаланылады. Бұлар қазір ескірді, техникалық
мүмкіншілігі төмендеп, қойлған талаптарға сəйкес сақтылығын
қамтамасыз етпейді.
Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін, қазір үлкен астық
компанияларында кептіру, тазарту мұнараларымен біріктіріп
металдық силостың сыйымдылықтарды салып жатыр.
Жоғарғы
кестеде
көрсетілгендей,
екінші
деңгейдегі
қоймаларда
тұрақты
жай
қоймалар
жəне
элеваторлар
сыйымдылықтары көп. Бұлардың металдық техникалық базасы
күшті дамыған. Мұнда үлкен кептіргіштер жəне астықты сақтау
үшін қоймалардың сыйымдылықтары жеткілікті. Үшінші
деңгейдегі қоймаларға осындай сипаттама беруге болады.
Астықты өндіріп жинаудың Қазақстандағы агрофирмадағы
көлемі жылдан-жылға артып келеді. Əр жыл сайын 15...18 млн
тоннаға дейін астықты дайындауға мүмкіншілігі жетті, ал оны
сақтау үшін 3,8 млн тонна ғана қоймасы бар кептіргіш қуаты
солтүстік өлкелердің сұраныс талабын қанағаттандырмайды.
Мұндай жағдай бірінші деңгейдегі, астық кəсіпорындарында оны
сақтаудың қиын тағдырын туғызады жəне көп шығынға əкеледі.
Солтүстік өлкелердегі астық жинау кезіндегі болатын табиғи-
климаттық жағдайдың ауырлығын, дер кезінде астықты өңдеп
сақтау үшін, шығыны арзан тиімді қоймаларды салып
пайдалануды қажет етеді.
Астық дақылдарынан белгілі мақсаттағы партияларды
қалыптастыру, оларды араласып кетпеуіне жол бермеу,
агрофирмалардың жұмысын шығынға ұшырмай тиімді жолға
қоюды талап етеді.
Астықтың осындай қиын жағдайларда сақтау мəселесін шешу
үшін полиэтиленді пленкаларды қолдануын өндіріс практикасы
ұсынып отыр. Аргентина, Канада жəне кейінгі жылдар ішінде
Ресейде герметикалық полиэтиленді икемді қапшық түрде қойма
жасап осының сақтау технологиясын іске асырды. Біздің
Қазақстанда кейінгі жылдары Қазақстанның ауыл шаруашы-
лығының өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институтында
429
полиэтилен қапшықтарын астықты сақтауға қолдану техноло-
гиясын жасады (37-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: