Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қанкөбелек.  Диірмен  қанкөбелегі



Pdf көрінісі
бет244/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Қанкөбелек.  Диірмен  қанкөбелегі  (Ephestia Kuchniella tell) 

барлық жерге тараған, ол ұн тартатын, құрама жем дайындайтын 

кəсіпорындарда,  жүгері  зауыттарында,  кондитер  фабрикасында, 

нан зауыттарында тіршілік етеді. 

Көбелек  күйеге  қарағанда,  үлкенірек.  Денесінің  ұзындығы  

14 мм, қанаты 27 мм. Алдыңғы қанаттары қорғасын секілденген 

сұр  түсті,  майда  шұбарлары  жəне  көлденең  қисық  жолдары  бар, 

артқы қанаттары ашық сұр түсті, жиегі одан гөрі қоюлау түспен 

көмкерілген.  

Жұлдызқұрт ұзындығы 27 милиметрге дейін жетеді, жылдам 

қозғалады  жəне  өте  қомағай,  түрлі  өнімдермен:  астық 

тұқымдастар  дəндері,  ұн,  көбелек,  жарма,  кепкен  нан,  макарон, 

күнбағыс тұқымы, т.б. қоректене береді. Ол өрмектерімен өнімді 



 

456


 

торлап,  жем,  нəжіс  жəне  балапан  құрт  қабығынан  тұратын 

жентекке  айналдырады.  Бұл  жентектерді  жұлдызқұрттар 

тұрбаларда,  норияларда,  технологиялық  машиналарда  жасайды 

да,  олар  дайын  өнімді  зақымдау  көзіне  айналады.  Өтпе  жел  мен 

ауа ағыны ұн көбелегі жұлдызқұртының өсіп-өнуіне кедергі бола 

алмайды. 

Диірмен  қанкөбелегінің  дамуы  үшін  қолайлы  температура 

20

о

С, оның жоғары шегі 35



о

С. Жылытылатын орындарда жылына 

алтыдан  онға  дейін  ұрпақ  тіршілік  етеді.  Қанкөбелек  төмен 

температураға  қарағанда,  жоғары  температураға  сезімтал  келеді. 

Температура 45-47

о

С,  ауаның  салыстырмалы  ылғалдығы 70% 



болғанда  көбелек 45 минут,  жұлдызқұрт 75 минут,  жұмыртқа  

4 сағатта өледі. 

Еуропа  елдерінде  кішкене  ұн  заузасымен  қатар  диірмен 

қанкөбелегі  де  аса  қауіпті  жəне  кең  тараған  зиянкес  болып 

есептеледі.  Кəсіпорындардың  зақымданғанын  дер  кезінде 

анықтап, 

профилактикалық 

шараларды 

уақытылы 

ұйымдастырудың қанкөбелекке қарсы күресте үлкен мəні бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет